Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Акылды кария - агынды дария

Акылды кария - агынды дария
Ақылды қария- ағынды дария
 
 1974 жыл әлі есімде. Бұл жыл мен үшін ұмытылмас шақ. Осы жылы шілде айының бас кезінде тұрмыс құрғанмын. Сол өмірді бастауға өкіл болған адамның бірі Ашығалы қарт болатын.  Қапшағай денелі, ұзын бойлы, ақ сақалы кеудесіне түскен, ақ сары сақалды үнемі көз алдыма елестетемін. "Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық демей ме" халқымыз.

  Әсіресе бұл кісінің байсалды мінезі, әңгімешілдігі ұнайды. Әңгімені баяу дауыспен айтып отырар еді. Әр сөзі өте түсінікті болатын. Ол кісіні қамқоршы әкедей сезінетінмін. Ол кісі шежіреші болатын. Қандай ортада болмасын, өткеннен сыр шертіп, көсем сөздермен көркемдеп отыратын және әр дастарқанда әр түрлі бата беретін.

  Сол қимас ата 80-нің асқарына шығып дүниеден өтті. Үйіне қанша барсаң да, газет- журналдарды оқып отырушы еді. Газеттерді қалай текшелеп жинайды десеңші. Әдейі үтікпен бастырғандай. Әр мақаладағы сөйлемдердің тұсына белгі қойып отырады, керегіңді сол тұстан табасың.

  Осы арада ол кісінің өмір жолы еске түседі. Жиі әңгімелесетінбіз. Төрт тіл білетін адам екен. Орыс, араб, латын тілдерінде щыққан газеттерді, құрандарды оқып отыратын. Соны өзім көргенмін. Орысша еркін сөйлейтін.
  Ол кісінің үй шаруашылығына қыры жоқтын. Себебі оның адал жары Жаңыл әжейдің өзі-ақ тындыратын.

  Зейнеткерлікке шыққанға дейін атамыз жұмыс бабымен үйде болғаннан түзде жүруі көп болады екен. Ал зейнеткерлікке қалғаннан кейін қоғамдық орындарда, не жастармен кездесуде көп болатын. Қалған уақытта газет журнал оқумен, не болмаса жазумен айналысатын.

  Бұл отбасының мен үшін бір үлгілігі- олардың бір- бірін сыйлауы, тәрбиелі сөздері. Олар еш уақытта біріне бірі орынсыз сөз айтпайтын.
  Жаңыл әжеміз қолы ашық, дастарқаны мол, дастарқаны жиналмайтын.
Балаларды өте жақсы көретін. Бір мәпасиі болса да, балаларға беретін. Шелегінің түбінде бір ұрттам ағы қалмаса да, кісіге беретін. Бұл үй нағыз қонақжай үй еді.

Балаларымыз атаның әженің үйіне барайықшы деп тұратын. Атамыздың еш нәрсеге алаңдамауы- Жаңыл әжеміздің тындырымдылығы мен жақсы қасиеттерінің арқасы болуы керек. Жас ерлі - зайыптылар осындай адамдардан үлгі алуы қажет қой деп ойлаймын.
  Қазіргі кезде де ол кісілерді көріп қалған адамдар халық адамы еді ғой деп отырады. Ол кісілердің ұрпақтарында да сондай ізгіліктер байқалады.

Үш қызы (Роза, Райхан, Пазила) ұрпақ жайған немере, шөбере сүйген, үш шаңырақтың әжелері атанып отыр. Әттең, өкініштісі- жалғыз тұяғы Сағызбайдың артына ұрпақ қалдыра алмай, дүниеден өтуі. "Жақсыны бір кесек еттен қысады" деген мақал еске түседі.
  Бұл кісілерді үнемі үлгі тұтамын. Топырақтары торқа болып, артындағы қалған ұрпақтарын рухымен жебеп жүргей.


  Еске алушы құдағи келіні
  Жұмабай Мәдеш Нұрхатқызы
  ҚР білім беру ісі үздігі,  
  зейнеткер18.05.2008 ж

 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008