Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Ак желкен

Ак желкен
Ақ желкен
 
Жылыойға белгілі шежіреші, ауданды
құрушылардың бірі
Тағанов Ашығалы туралы толғаныс
 
 
 Жүректен жыр жазылса өткен ізбен,
Қиялың құс боп ұшып көкте жүрген.
  Ашекең көз алдыма елестейді,
Көрінген ақ желкендей көк теңізден.

Бұл өмір тоқталмаған ағында еді,
Танылған дағдыр талай табын еді.
Ашекең алғаш маған кездескенде,
Сексенге таяған бір шағында еді.

Жүрмекті тақты бағып, бақты бағып,
Деуші еді халық үшін шапқыладық.
  Аузынан асыл сөздер төгілетін,
  Жаратқан жаратыпты аққу бағып.

Бермепті құр айқайлап бос қармана,
Ақылшы үлкенге де, жастарғада.
Ауаткомда жауапты хатшы, депутатта,
Болыпты колхоздарда, басқармада.


Сыртынан қанша өсек тақса дағы,
  Жақсының шығады ғой жақсы атағы.
  Желікті мінезі жоқ ойнақшыған,
 Көрікті ақ сақал-ды, қызыл шырай.

 Қиынды қойыстырар бірікпеген,
 Жетеді ақыл-ойда білік деген.
 Он екі ата байұлыма, жеті рума,
  Шешіреші жік-жігімен жіліктеген.

Жаныңа жарасымды ұнап қалған,
  Ақ толқан тасқындайды-ау бұлақтардан.
 Көктен бір көңілінде жүрген болар,
Ашекең маған бірде сыр ақтарған.

Бұл өмір енді бізге сыйын берсін,
Не істерсің өмір бұлтын үйіргесін.
Әйгілі отыз үш пен отыз жеті,
 Еліме келген аштық құйын дерсің.

  Ауызға ап сөйлейінші бір алланы,
Бұл өмір талай- талай бұраңдады.
  Әлі күн қуанамын өткен аштық,
Есіктен біздің жерге кіре алмады.

Өтірік емес шығар мұным желдей,
Нәубеттің өттік демен бірін көрмей.
Мал бақтық, егін ектік Жем бойына,
Ел үшін жанымызға тыным бермей.

  Келтірер дүниеге кеңдік істер,
  Бәріне қиындықтың көндігісті ер.
"Қарашүңгіл дәлелдеп мұнай барын,
  Ашылды "қара алтынды" өңдірістер.

Жанымыз жалған айтып жасанбаған,
Бейбіт ел болады екен ,қашанда аман.
Жем бойын жағалаған "жұтамас" деп
 Айтқан ғой қасиетті Асан бабам.

  Баптаумен малда бағып, егістерді,
  Тірлікті деп жүр едік тегістелді.
Қаптаған қара бұлттай батыс жақтан,
  Жау болып,жерімізге неміс келді.

 Қалмады елімізде асыл бір жан,
Әйелдер қарғап- сілеп шашын жұлған.
Жарықты сөндірмекші Гитлер деп,
 Ыза-кек қайнап жатты ашындырған.

Теңселтіп жіберді ғой ,бұл сын көкті,
  Танкілер қара жерді дүрсілдетті.
  Япырай, Отан үшін жан пида деп,
Қапыда қанша азамат қыршын кетті.

Тілегің көңілдегі орындалмай,
Ажалға қара жерде тойым бармай.
Қанішер Гитілердің кесірінен,
Кей үйден қалып еді орын қалмай.

Бойдағы барлық жігер күшті ақтарып,
Жатсада қанша қиын қыспаққа алып.
  Ел үшін еңіреген ерлерменен,
Жеңісті қолдан бермей ұстап қалдық

Қашанда көп болады жасыңда арман,
Жанбыз ғой жаратылған жасындардан.
Бертін келе ептеп біз жол түзеді
Тарыдай бой көтеріп басын жарған.

Ошақта қазан қайнап, от жағысып,
Бейбіт ел жазды құлаш баққа кіріп.
Жайлауда қызыл жасыл гүл сыяқты,
  Қыз- жігіт қыдырады атқа мініп.


Тағдырдың жүзі жылып қырауланған,
Қызықты күрделі ғой мынау жалған.
 Халықта қарық болып қалатынды,
Жыр тыңдап небір жүйрік жыраулардан.

Ақылды адам, демейді бәрін білем,
  Ел алдында тап-таза арым деген.
  Міне, енді жағдайда оңға келер,
  Бір жақсылық алда енді барын білем.

Бір жақсылық бұл менің азаттығым,
 "Қазақ елі" тұғырлы қазақ бүгін.
Шежіреші қартымның айтқаны рас,
Жақсылықтың жүрегім жазат жырын.

Асыл қыран қақтырып нұр қанатын,
Көк туымды болжады-ау ырғалатын.
  Ақ күмістей сақалды Ашекеңнің,
Жаны жомарт жүрегі жыр болатын.

Татып халық тойынан ырыс балдан,
Заманымыз қайтадан дұрысталған.
Ашекеңдер сөйлесе үлкен түгел,
Бесіктегі балада тынышталған.

  Кеңітейін ой- сана керегені,
  Халқымның болжағыш қой көрегені.
  Көз алдыма көрінер ақ желкендей,
  Шежіре қарт теңіздей терең еді.
 


 
  Амандық Сасаев, акын,
  ардагер мунайшы.

 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008