Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Алгыс соз

Алгыс соз
     “Тоғысқан тілек, толысқан түлек” жолдамасымен оқырман назарына ұсынылып отырған бұл кітап халқымыздың біртуар сыйлы азаматы, ақын, шежіреші, абыз Тағанов Ашығалы Құлжанұлының көзі тірісінде дайындап, жинақтаған рулар шежіресі, адамгершілік, ізгілікке үндейтін өлеңдері, баталары, публистикалық шығармалары және, ұрпақтары, ағайын- жекжаттары, әр тұстарда тіршілік ағыны дәм тұзы ортақ жеткіншек замандастары көкірегінен төгіліп туған қимас сезім, ыстық лебіздер жинағы.
    Ауданымыздың көне тарихын көп білетін, естігенін естен шығармай жадына сақтаған, рулар шежіресін жік-жікке айыратын Ашығалы әкеміз кезінде елге танымал адам болды.
   Бұл кісі менің әкем Қалышпен құрдас, әрі ағайын. 1983 жылы үйіне наурыз айында көрісе барғанда, әкей жасы 80-ге таяп қалсада, тік, тың күйінде бөлмесінде жұмыс столында арабша кітаптан тікелей қазақшаға аударма жасап отыр екен. Қолжазба, жинақтаған папкалар, жұмыс столындағы оқыған кітап, газет-журналдар өте бір мұқияттылықпен жинақталыпты.
   Одан бұрын да, кейінде көріп амандасып жүрсем де, сол бір жұмыс столында отырып, ашыла сөйлесіп, жасап отырған жұмысынан хабардар қылып, қамқоршы кейіппен кеңесін, соңынан батасын беріп, шығарып салған сол бір сәті есімде жатталып қалыпты.
    Былтыр балалары жиналып, Ашығалы әке, Жаңыл шеше рухына дұға бағыштап, мәңгілік мекеніне ескерткіш құлпытас - тақта қойды. Осы рәсімді ұйымдастырып, өткізуші кіші қызы - Пазила апамыз: «Әке-шешем алдындағы балалық борышымды өтегендей, бір жеңілдеп қалдым, әттең мына қолды боп кеткен еңбектерінің қалғанының басына құрап, өзі тірісінде шығара алмаған шежіре кітабын шығарсам, нағыз ескерткіш болар еді» , деген.
    Міне, ағайын тәуекел етіп, апай тілегін орындап, әке кітабын құрастыруға бел будым.
    Ашығалы әкеміз 1903 жылы қазіргі Жылыой ауданында туылған. Заманында арапша, орысша сауатты, көкірегі ашық азамат болған. Жылыой ауданы 1928 жылы шаңырақ көтерерде, КазЦИК Президумы қаулысына сәйкес ұйымдастыру бюросы құрылып, оның құрамына Сапарғалиев Аман, Тағанов Ашығалы, Жанғалиев Ислам, Сапарғалиев Әмірғали, Қарасақауов Асылхан енеді.
    Әкеміз өзі құрысқан ауданнын атқару комитетінің тұңғыш жауапты хатшысы болады. Осы қызметте жүріп, Отан қорғаушылардың қатарына шақырылып, 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, оның ауыртпалығын бастан кешірген.
    Елге аман-есен оралған соң, ауданымыздың ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы, Киров атындағы ұжымшарының төрағасы және басқа да жауапты қызметтерде болған.
    Облыстық, аудандық газеттермен тығыз байланыста жүріп, белсенді тілшісі атанады.
    Белгілі ғылым, әдебиет зерттеушісі Қабиболла Сыдиықов Жылыой, Маңғыстау өңірінде өткен ақын жыраулардың кейбір өлең деректерін Ашығалы әкемізден алып, “Ақберен” кітабында жария етті.
    Шежіре - сонау көне заманнан бері қарай халқымыздың рухани азығы болумен қатар, тарихымыздың бастау көзі де. Ал ғасырлар бойы сұрыпталып келіп, дараланған ата дәстүріміз қан тазалығын сақтау тек рулық деңгейде ғана жүзеге асырылып жатты. Сондықтан руды, шежірені білу әрбір қазақтың міндетті ісі болып келді.
    Ел арасында «Шежіреден заман озбас, озса да ол тозбас» деген қағида қалыптасты. «Алаш» ұранды, киіз турлықты халқымыз оған ешқашан енжар қараған емес.     Шежіренің о бастағы мақсаты – аз да,аңыз да болса, ұлтымыздың өсіп -өнген тарихынан дерек білдірумен бірге, оларадың туыстығын, ынтымақтастығын, ерлік т.б. жақсы істерін паш етіп, қан тазалығын сақтау дәстүріне ерекше мән берген.
Кеңестік дәуірде халқымыздың ата дәстүрлі мен әдет- ғұрыптарына қалай алакөз танытқан болса, шежіремізге де үрке қараған «жоғарыдағылар» аяқ тіреп, қарсы тұрып бақты. Бұл саяси - ресми түрде солай болғанымен халық өз аталарынан келе жатқан асыл қасиеттерін жойып тастаған жоқ.
  Қазіргі ата дәстүрімізге, қазақтығымызға қайта оралудағы жемістеріміз бен жеңістеріміз - осының айғағы.
  Шежіреші Ашығалы Құлжанұлы да осы ШЕЖІРЕНІ жинақтау үшін, сонау 1950 жылдардан бері еңбек етіп, көп жерлерде, кәрі құлақты ақсақалдардан және әр түрлі жариялымдардан жинақтап, шежіреге өз азаматтық үлесін қосты деп есептеймін.
  Әрине, оның пікірімен санаспайтындар да табылар, бірақ оның ескіше кітап шежірелерге сүйенгенін айта кету жөн. Ондай сөзбе-сөз ескіше кітаптардан қалған шежірелер халық арасында қазір жоқтың қасы екені де рас. Сондықтан шежірешінің бұл еңбегін қыруар ізденістердің нәтижесі деуге болады. Және де бір айта кететін жайт, шежіреші бұл еңбегін 26 апрель 1984 жылы баспаға дайындап , қол қойған. Содан бері ширек ғасырға таяу уақыт өтіп отырғандықтан , кейбір мәліметтер толықтыруға ,жанғыртуға жататын себепті пікір талас тууы мүмкін. Оны уақыт көрсетер.
    Cіздер , Тағанов Ашығалы Кұлжанұлының өнегелі өмір – тарихы , ол кісі туралы эссе, естеліктермен,арнаулармен, жеке шығармашылық еңбектерімен және жазып кеткен ел, ру шежіресімен осы кітап арқылы кеңінен таныс боласыздар.
Ізгі тлекпен, Бике Қалыш қызы,
жинақтап, құрастырушы
наурыз, 2008 жыл.

 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008