|
Әке - ардақты асқар тауын еске алу
Әкешім, тектілікті ар санадың,Қоғамның ауыр жүгін арқаладың. Қасиетіңді танытып, қара нардай, Өсиетіңді айтудан шаршамадың. Фашизм зұлыматқа айналғанда, Бар халық жауға қарсы сайланғанда, Батырлықтың айналып белгісіне, Отан үшін от кештің қан майданда.
Көздеген жүзеге асып нақты ойларын, Соғыста жеңілістің таппай дәмін. Немістің күлін көкке ұшырдың ғой, Жеңістің желбіретіп көк байрағын.
Соғыстан соң қамыменен қауымның, Жұмыстың жасаймын деп ауырын мың. Кеңсесін талай жердің араладың, Еңсесін көтерем деп ауылымның.
Еңбек қой деп ауылға ең керегі, Әкеміз көп жұмысты меңгереді. Ауылдың көшін өрге сүйреді ғой, Ақиқат сөзімізге ел сенеді. Сан түрлі марапатқа ие болды, Өлшеніп еңбекпенен ер беделі.
Асқар таусың, елім деп топқа кірген, Сондықтан жазылыпты мақтау өлең. Тамырыңды әкетай жайып кеттің, Қиындықтың ащы дәмін татқаныңмен.
Ұл-қызыңа сүйікті әке болдың, Тілеуін тілеп жүрген хақ тәңірден. Еңбектің арқалаған жүгі құттың, Ұрпағың сізден үлгі ұғыныпты. Сөзіңізден үйреніп тектілікті, Өзіңізден үйрендік ұлылықты.
Қиындық ұсынса да бес күн жалған, Мәпелеп ұл-қыздарын өсіре алған. Әкемізге орнаттық жыр- ескерткіш, Жалғаумен жақсылықтың көшін аман. Қыздарыңның арнауын қабыл алғын, Ардақты асқар тауын есіне алған.
Тербеткен тектілікпен бесігімді, Ел күткен азамат ең шешіміңді. Бұл кітаптан үйреніп, үлгі-өнеге, "Кең Жылыой" ұмытпайды есіміңді.
Ашығалы қыздары: Роза, Раха, Пазила.
|