Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Арнау

Арнау

Арнау

Ш Е Ж І Р Е - С Е Р Г У І

Неғайбіл, мүшел сегіз, мүмкін жеті,

Болмаса қайғы, қасірет кесел дерті.

Ғылымның жобалаған болжамында,

Шегі бар орта жастың жетпіс екі.

Соғары қауырт минут, сағатында,

Санаулы өмір соның санатында.

Гүлденсін: өнер, еңбек, туыс-тұрмыс,

Дәуiрдiң үлес қосар саласында.

Халқыңа қырсыз, қыңыр шәлкестенбеу,

Мiндетiң адамдыққа жарасымды.

Өмiрдiң екi айналып келмеуi аян,

Қойғанда жүрек тоқтап – соғатынды.

Айықты аспан ашық, күннiң бұлты,

Дамыды өнер өрге елдiң ғұрпы.

Мәдени әдебиет зейнетi артып,

Өрледi, өркендедi қазақ ұлты.

Бостандық, бақыт, еңбек, теңдiк туыс,

Беркiдi конституция заңның құлпы.

Жанданса ғасырдағы естелiктер

Ұрпаққа тұра етерлiк болмақ мүлкi.

Мүшелден алтыншы есiк ашқанымда,

Тербендiм содан iздеп жоқтарымды.

Толқыдым, толғандым да назар ауды,

Игi iстiң iстелмеген жақтарына

Серпiндiм шежiреге ой сергiдi,

Жоғымды жүйрiк қиял тапқанына.

Бұлыңғыр тозаң шаңнан аршып алып,

Ақтардым Ата-тегiн қарттардың да.

Еңбек өрбiп шежiре жарық көрсе,

Сол кепiл ұрпақтардың сақтарына.

Ауатком Қалдыбайы Байшаханның,

Шақырды кеңсесiне ақсақалды.

Ескерттi Алматыдан Академик

Бек, - атты Сүлейменов жақсы атағын.

Ғалымның талаптарын ойлады да,

Тәртiбi Райкомның жиналуға.

Аударды көп назарын түсiндiрiп,

Сiздегi шежiренiң жинағына.

Мұсабай Сағымбаев тапсырмасы,

Шешiлген сiзге орындау ұйғаруда.

Мұраны игi мақсат кең түсiндiм,

Кiрiстiм ұйқы бөлiп неше күн-түн.

Қағазға 100 парақ қолмен жазып,

Кiшi мен үлкенге ортақ – тән түсiндiм.

Алматы 486-100, үйiне –28 Шевченкоде,

Бекке арнап Сүлейменов мен ұсындым.

Тағанов А.

10наурыз 1974 жыл. (Барыс жылы, жексенбi күнi)

Қосшағыл кенті


 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008