|
Баталар топтамалары
Батаменен ер көгерер, Жауынменен жер көгерер. Халық мақалы.
1-Бата Кеселі көп зияннан, Шешімі жоқ қиялдан сақта.
Лаулаған жалын өрт-оттан сақта. Ел жаулаған залым мерт оқтан сақта. Қанды Жексенбі орнатқан - Fафон сиякты поптан сақта . Каражурек паракор соттан сақта Кірлі сумен жуыстан Бірлігі жоқ туыстан Жәлелі коп тау қуыстан сақта Егесумен ісі өнбейтін Есерден Кездесуге кешігетітін керден кесірден Ем дарымас - кеселден сақта Кеудесін керген келіннен Мезгілсіз келген өлімнен, сақта. Адалдық еткіз,әділдікке жеткіз. Күмілжіген күдікті сезімнен сақта Жалқыаяқ татымсыз тұзақтан Ұяты шолақ ұлы мен қызынан Татулық көңіл келбетін, Адамгершілік құрметін, Тәрк етіп бұзудан сақта. Қара ниетті азаптан Қайырымсыз жекжаттан Нәрленбейтін нәсіптен Алысқа айдалған азаптан сақта. Мүләйімсыған мұлқау шаладан Жігерсіз жалқау баладан Ұнгырттыкпен-өмір сүрген Күңгірттікпен көмескілген Көңілі тар көзі аладан сақта. Еүнеріп атқан таңнан сақта Жауыны жоқ шаңнан сақта Өр көкірек өзімшіл Асқақтаған паңнан сақта Қабыл ет қазан тілегін Қамсыз ет тамам керегін Қуанышта- ер жүрегін Нығайсын бірлік туыстың ұлғайсын тірлік тыныштық Ләйім,осылай халқымызды Бейбітшілік сәнімен сақта, әмин!
2-Бата Я, құдая, оңда әнбиялар ,қолда Таланың тартсын алға Талабың шықсың оңға Тілегімізді - қабыл ет Иманымызды- кәміл ет Берекет кір, байлық бер Жарылқаудың қамын ет, әмин.
3-Бата
Еңбегін өнімді еткей, өмірін көңілді еткей
Хамды сана Аллаға Саллы Аллакоғала -Нәбиге Салауат болсын, қайдада Шапағатын нәсіп ет Тілекті қабыл ,әйлада Жебегей аруақ ата бабалардың Демегей мақсатына балаларын Мерейін үстем етіп, өмірі ұзақ Кезіктір игіліктің дана жағын Шалықта шаттық шабыт қойнауында Жарқырат, тасқын талай талант шамын Өркендей өнімді еңбек көңіл сергек, Қызықта жанұяның ынтамағын Дастархан жай,қабылда құрметіне Жауынсыз кез келтірме дауыл шаңын. Мал басың аман болып әр дайымға Шырқасын, шыңға өрлесін болашағың. Сән сәулет, ауқымды -әулет, өсіп дәулет Өмір сүр құрамында- тамашаның
4-Бата Жамандық көрме, амандық жебе
Қиялдың қылышын бер сілтелмеген, Кеуденің тынысын бер бітелмеген, Өмірдің ырысын бер түтілмеген Ата ананың құрметіне қабылданып Ақтасын дастарханы сүтіңді емген Көңілдің аспанын бер бұлт шалмаған Қауыпсыз қуаныш бер аршындаған Тұрақты жұбаныш бер сарқылмаған Бас аман малың түгел есен болып, Баянды қызығын көр қарқындаған. Бақ артып кәсіптерің үдей берсін, Бас өсіп нәсіптерің дүрей берсін. Жаманат көрме жақсы ат бер! Амандық жебе, мақсат бер, Ақ жүзді абыройлы ет, жарқылдаған
5-Бата Көңіл бер ,мөлдір тұнықтан, өмір бер, бұлтсыз тымықтан
Ылайық тілек берегөр, Иманға кәміл төре бер. Fафу ет ,кешір өткенді Пәктелсін таза денелер. Көңіл бер, мөлдір жәйлі етіп, Өмір бер, күлдір тойлы етіп, Бала берсең бақытты ет, Парасаттықалыпты ет, Дарын ет- ағын дариядай Жалынды ет -бағын байламай. Бақ қондыр басына Тербелмес берік қазықты ет. Келін берсең ,келісті ет, Махаббаты орнықты ,балауса балғын жемісті ет. Мұхтажы барлық табылған Түгелінен тегіс ет. Еңбек берсең, өрісті ет Өнімін байтақ кеңісті ет Шығындат -шыңға деңгейін үздісіз игі жеңісті ет. Қыраумен қысын -қысыр ет Жағдайлы жазын -үзын ет Мерейін үстем- табысты ет Жаңғыртпа жалған жәлені Көлденең кесел бәлені Бұл маңнан аулақ алыс ет Дастарханын қабыл ет Қабылдығын кәміл ет Жарылқа,жәрдем қам істет Я,илайім, әмин,
6-Бата
Жұлдызбен жандыр шырағын, Дүлдүлдің мінгіз пырағын
Жалғастыр құдай және бер, Сабырлық етіп қазаға. Бәлені аулақ ала гөр, Төрт түліктің түрінен Ғанибет дәулет сала бер. Аман сақтап, мал басын Қамқорлада баға гөр . Жылқы білмей ығуды Қасқыр жатсын- желге өтіп Судан өрген қойларың. Түнекте жатсын жайылып,төскейде- бетін көлбетіп Сиыр мен түйе өрістен, ит-кұстан аман өрбісін Өздері келіп -жөн кетіп Демалыс тауып тынықсын, Еңсеңе келген-шөлдетіп Есебін өтеп шығынның Есесін берсін, жөнді етіп. Көлденең кесел кездеспей, Денсаулық тұрсын өрге өтіп. Алға шық үздік жарыста Даңқын жетсін алысқа. Тізгінін ұста тұлпардың Жылжыған жұмсақ тербетіп. Сіңімді болсын татқан дәм, Қайырлы болсын дастархан. Кем болмасын кең болсын, Қазынаңның сабасы жұмсауыңа -мол болсын! Қадамы селкеу, жол бітеу Дұшпаныңа тосқауыл- тұсауын салсын құрметің -
7-Бата
Біршілікте-бойлай озық жүр, Тіршілікті - тойлай қызық жүр.
Қыс сыртыңнан қалықтай, Жаз жауынын жалықпай, Айналмасын артыңа Ауаның самал желдері. Тіршілікте нәрленген Өткені-мәңгі жерленген. Қасиеті қолдай дарысын Қонысың туған -жердегі. Шығандаған-данқынды, Дәріптеген халыққыңды Ақтасын қоғам алдында Өркіндеп еңбек күрделі Талабың тассын меңгерген. Берекет дарып іргеңнен. Аман болсын мал басың Туындаған түлегің Озығын- бер, тату біршілік, Қызығын көр, өмір тіршілік, Бейбітшілік аясы Тыныштық болсын тірегің. Ардақты бол, жүрген ортаңда Шалымың жетсін баршаға. Бір- өзіңнен шешілсін, Шиеленістің тиегі. Қайырлы болсын, дастархан Құрметін қонақ атқарған. Қайырыңнан халқың дей ,жүрсін, Игілік - үлес тиеді. Илайім , әмин,Дастарханын қабыл ет, Қабылдығын жебеп-желегей , Бабалар өткен -киелі 8- Бата
Армияға шақыру тойында
Дәм таттық халық жиналды, Құрметін көрді- сыйланды. Қабылдык айтып,көптің көңілімен Беруге бата -ұйғарды. Сапарың жолың оң болсын, Басшылық болып бабаңнан. Демесін, сілтей, жол болсын, Көрсетсін ,көмек қолдасын, Тәркі етпей тәртіп жолымен Отанды сүйсін қорғасын. Аман барып, есен қайт, Денсаулық беріп, олжасын. Жолың болсын жолаушы, Өмірдің берсін, мол жасын. Абыройлы атқар міндетін, Қарсылайтын болайық , Келешек тойдың жалғасын.
9- Бата
Мерейің үстем кәмілге, Қанағат қабыл дәміңе
Мерейі үшін дастархан Игі тілек ұнамақ. Қабылдық айтып көптің көңілі Нақтылық бата құрамақ. Мейірманды алғысын, ізгіліктің жанғасын Құрметке үлес баламақ. Халқыңды жиып сый қылдың Тағамға түрлі қанағат. Берекет ғарып ұлассын, Саулық пен сауық саламат. Есесін берсін құрметтің Сауабын сансыз саламат. Ғайни әл хаят нәрі демегей Ғұмырын ұзақ жалғамақ Тасқындай Рахмет дариясы Кемесімен серуенде, Дарияның бойын жағалай Жарқын ет, шырақ сәулесін! Жылытсын түскен шуағы Кездестірмей жаманат. Дабылың жарқын ,даңқы артсын Аймақта үздік азамат, Жауынсыз шаң, бұлтсыз күн, Бұлыңғыр тұман болғызбай, Аспаның тұрсын таза нақ. Қабылданса сансыз сауаптың Мөлшерін байқау ғажап-ақ. Екі тәулік мерзім -миллион Отыз бір жылдық мезгіл қамтымақ Тек миллиардтар бірлеп- санамақ Әмин,деп бата қосталсын, Қабылдық айтып қол жайдық, Осы отырған жамағат.
10-Бата
Шілдехана тойына нәрестелер үшін
Көруге сұлу сипат мүсін берсін, Өмірге Жамбыл ата жасын берсін! Кеудеге Абай ата басын берсін! Пендеге Сырым ата бейнесіндей, Мерейің үстем даңқың асып тұрсын. Қажымас Қажымұхан білегін бер, Айналмас Гагариннің жүрегін бер, Қаһарлы қыспен шілдеде, Омырау жабу білмеген, Жалаң төс шері әсеттің жігерін бер! Қабылданып дастархан Мерейің үстем кемелден. Бүршік жарып бұтағы Қанат жайып көлемдең, Ей,Алла ,бақытты ет, баршаның тілегін бер!
11-Бата
Мектепке бала бару тойы
Барасың бүгін мектепке, Алғашқы білім жолына Оң болсын сапар,жеткіншек Ұйқымен пыксып ,коп ойнап, Сабағыңа кеш кетпе. Арғымақтай аршынды Шабан тартпа мәстекше. Салаң-салбыр таста көкуды, Ынтамен меңгер оқуды. Бағасы 5- тен кем алмай, Арманда білім токуды. Жарығың жетсін жыраққа, Ел үшін жұмсат отыңды. Оқушының үздік алды бол, Yлгеріп сабақ ұтымды
12-Бата
Жас келінге
Құтты болсын ,келін қонысың, Бұтағына теректің құс болып қоныпсың. Атадан Адам - бұл мирас Ата - ана салған жолымен. Бұтағың шығып гүлденсін, Өрбітіп, өрік жемісін. Шыны ғай шынар сабағы Нық беркітсін -желісін. Жарасымды отау жастарға Жұптылы болу жөн ісің. Махаббат- мақсат тұтқасы Мейірманды татулық - дамыта берсін өрісін Мерейің үстем марқайып, Қамтылсын мұхтаж кемісің Тоғысқан тойда халқыңның Ақбатасын ұсынған, әмин, келін, сен үшін.
13-Бата
Сүндет тойы
Құтты болсын, сүндет той Бәйге аты кетті, шаптырай Алтын қабақ аттары Палуандар түсті жұлқынай. Белбеуін нықтай қаусырып, Сойылды тойға сандап қой. Мереке жасау сәбиге Ата - анаға міндет қой. Тоғысқан тойға халқыңнан Айтпаған қабыл қалмапты-ой Дәріптеген жолын Нәбидің Той иесі - кәміл үмбет қой. Мерейі үстем даңқы атсын, Қабылданып, мұндай қымбат той. Піштірілмеген тұғыр -тнамсыз Болғаны -пішпе сымбат қой. Тойың тойың ұлассын, Арғымақ болдың -сұңғақ бой.
14-Бата Мархұмға бата (Қаралы дастарханда)
Илаhи, әмин, Садақасын, Алла, қабыл ет. Иманын беркіт, кәміл ет. Тасқындағай ғамал сауабың Асандық алғай сауал жауабың Өмірде еткен тауабың Қабыл еткей ,Алла, құдірет Тосқауылға тосылмай Жұлдыздай жүйіткіп ,ағып өт. Таразы мизан тұрғанда, Асқаптар сатқа тұрғанда Iзгіліктің артсын - салмағы Аграб сапар майданда Шұғыласы айдың жүзіндей Жарқын етсін, ашып жолыңды Fарасат майдан нама-сын Оң жақтан бергей оныңды. Кешегі мен бүгінгі, Болмаса одан бұрынғы Жұмсалған мал мен пұлыңды, Және де басқа әртүрлі, Арнаулы болған шығынды Кепілдік парыз- уажіпке Кіфарат еткей ,Алла, мұныңды Fафу Рахыман -нұрландыр, Мен- әззүлматы илә-әннұр Күнәсі болса, Алла кешіргей Марқұм болған фәниден ... .
15-Бата Жалпылама бата Ниетіңді қабыл алғай, көңіл сергек Өмірге өріс берсін, жәйнай жүрек Сол жүрек ел достығы өркендесін, Аймақта бейбітшілік тұрмыс тілеп. Жадырап аспан ашық, нұрын шашып, Бұлынғыр кездеспесін күңгірт түнек. Мал басы өрлей өсіп ,талап тасып, Балдырған туындасын, түлек -дүрей, Даңқы артып Отаныңа- ардақты бол, Еңбектің зейнеті мен құрыш білек. Кептеліп кедергі жол дұшпаныңа, Тұсауын тосқауылдың салсын -құрмет. Әлемдік-адал адам бақытынан, Жығылмай Ырыс -туың тұрсын тербеп. Әмин, қолдауы дастарханды жамағаттың- Құрметті қабылғыға болсын демек!
16 -Бата Қыз ұзату тойына
Жас кезінде, қуат бар, күш барында Жарасады қонғаның- ұшқаныңда Қыз ұзату тойына елін жиды, Жақсы лебіз- есімек достарынан Құс қонды орманға ,отау тікті. Шаңырағы көрінсін биіктегі Шың жоталы Желтаудың асқарынан Рахмет көпшілік қарсылағын Шаттығыңды шабытпен қостауыңа Махаббаты орнықты тату тілек Тұрмыс құрған қос шырақ жастарыма. Қыз жігіті аралас ,ақ жаулықтар Осы отырған жалпыға денсаулық бер! Басын қосқан қос шырай жүрегі ұшып, Қажыр қайрат, қажымас жігер құшып Қолға алғанды түгелдей көтеріңдер, Тойы -тойға жалғассып, үдеуі үшін!
Тойдағы тілек Бекжантегі Рамазанның тойында
Қош келдіңіз, халайық, мерекеге құрылай Қошеметтей жиналдық жеңгенің Шандоз мұратын. Тұғырға қонған Меңзипа Төлеуғали -шынары, Рамазан Бекжанов қосағы оның -сыңары. Баянды болсын ,тұрмысқа Бас қосуға тұрағы. Шабытты сауық шаттықтай, Мәжілістің нәрлі құнары. Сол үшін ниет көрсету, Дастарханның сұрары.
Төлеуғали Есенбаев құданың келгендегі мәжілісте
Қош келдіңіз ,құдалар! Таңдары атты талайдың Өмірден жарық көруге. Атамыз Адам- әзәлде Алғашқы өмір сүруде. Тұрмыс құрды, бас қосты Хауан анадай нұрлы сұлуға. Ұрпағы жолын қолданып Өркендей өсіп дамуға. Әмірін жүрек екі етпей, Желеген мақсат жетектей, Арманды қуған табуға. Ана сүті бойды өсіріп, Ақыл- ой қиял көштіріп, Көз көрсетті көркімен Махаббатты тануға. Жастықта тұрмыс құрмаса Икемі селкеу есейсе,кешеуілдеп қалуда, Жақында біздің екі жас үйленген еді үй болып Мәңгілік тұрмыс құруға.
Жақындық лебі жақсылар, Құдағай, құда бұда бар Консымен көрші ағайын, Ауылдас болған тумалар, Дастархан дәмін татуға Күн екен бүгін құдалар Құрақ ұшып-қошеметтеп, Мәз- мейрам болу- сыры бар Тұғырға қонған -тоты құс, Төлеуғалидың - шынары, Рамазан Бекжанов Серіктік оның- сыңары, Қолтығында қос шырай Жеңгенің Шандоз- мұраты. Баянды болсын бұлардың Орныққан мекен тұрағы. Жақсыбай мен Сыбанай Құдандалы -екі ауыл. Ағайын туыс- бір бауыр Қыдырқожа нәсілі-Байұлынын құрамы Шабытты көңіл-шаттық той Арнаулы құрмет- бұлары Жақсы лебіз жарты ырыс Бұл алқаға ұнары. Сол үшін ниет көрсету, Бастаушыға болмас дау, Қолға алғанды көтерің, Дастарханның сұрары.
Амантай -Үйсін үйленгенде
Алпыс жыл бұдан бұрын жарқы етті -таң, Құлақ түрді даңқыңа сол кезде -адам. Достық туы желбіреп Елімізде Бостандықтың жолымен қарыштаған. Махаббатпен мақсатты ұштастырған, Болашағын жастардың қауыштырған. Басын қосқан қос жастың бақыты үшін, Асын тосқан достардың келбеті үшін, Жарасады қолдағыны алып қойған.
Қадамы артық-қысқанда Өсіріп көңіл күш қылма, Өлмейміндей іс қылма. Нашар көрсең кәдір пұт Қалжыңмен салма мысқылға. Қоғамшыл болып халқыңа Жағдайсыз жанып ысқырма. Қызғалдақ көктем жаз кетсе, Сезілмек лебі қыстыңда. Жанбайды- шалада Болмайды жолын ұшқында. Алтынға меңзес қалада Өзіне тән бағыда Қамсаусыз болған панаңа Ызғырық суық тұс қылма. Қажыған қайрат шамада Қадамың аршын қыстыңда Өмірге келдің еншің сол Нашар бол мейлі мықтыңда
Өкінішті өмірде Сабырлық сақта көңілге
Жаралғанда адам өмірге Қаралғанда қайтадан сапарға ақыр жүруге, Бұдан кейін бұйрық жоқ Фаниге қайта келуге. Сыналмақ өмір Өлшемі болған деміңе. Дем үзілген мезгіл халқың жиналған Қайырлы болсын айту көңілге. Сабырлық шыдам тұтқасы Ризалық қаза өлімге. Естелікті өткен ескерсек Қайғылы талай қасірет болғанда Аспанның асты қандай кең Тіршілік етіп жүргенге. Жердің үсті қандай тар Сұрықсыз өмір сүргенге. Кешіксе кейде күткенің Шабытсыз шаршап көнесін, Күтпегенің келгенге. Аузыңнан тіпті шықпаған Сөзі үшін күйіп біреулер, Сөнді деп сенім шырағың, Жүрегің неге қозғалған. Бір әйел емес бір ауыл Еркексіз қалған кез болған. Кез болған табын табыннан Тігерге тұяқ қалмаған. Шерлімін дертпен демеңіз Болсында қалған жан аман. Жоқтау көрген бүгін бұл үйге Жылауда жаспен кәріде. Туыстар мынау фаниде, Болмағандай мұның бәріде. Әйтседе құшақ жайсаңдар Жетеді көңіл шуағы. Жақсылар мен жайсаңдар, Ақырға қайтпақ сапарға Қызғыштай қорғай өңірді. Сабырлық берсін шыдам көңілге Өзіңмен бірге халқың еліңде Болатын риза қаза бұл - Ендігі жерде арнаулы рухына дұға қыл Айналсын тозақ мөлдірге Кіреуке көңіл бұрқасын Тыныштал десе,мына жұрт, Әлсіздік діңке құртатын. Қараңғы қашып қабірдан Жарқын еткей жар тасын. Маздасын жарқын нұр шашып, Топырағы болсын торқадай.
|