Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Естелiк пен есте калгандар

Естелiк пен есте калгандар
  М.Жолжанов
  Облыстық музейдің аға қызметкері.
  Облыстық газеттен,қантар,1984ж.
 
 

Естеліктер мен есте қалғандар
Менің әкем Хайрулла Қошанұлы Алдоңғартегі мен осы Алдоңғартегінен өрбіген Ашығалы Құлжанұлы туралы.
 
 
 Алдаоңғар тегінен өрбіген Дәулек, Кейкі,Құтсейіш ұрпақтары ішінен Кеткіден тарайтын Беген, Жалған, Мәкім және Мақылдан:Тағаннан Құлжан атамыздан Бекжан, Ашығалы және Сырымбай ағаларым болған.

  Солардың ішінен Ашығалы ағамыз оқыған, елді көп аралаған, көрген білгені көп, әңгімесі жақсы, естігенін ұмытпайтын салмақты, көп сөйлемейтін, тыңдасаң сұрасаң айтатын шежірелі кісі еді.
  Біздер кешегі Кеңес үкіметі кезінде оған мән бермей тыңдамағандар қатарында болдық. Енді жас ұлғайған шақта , қазіргі егемендік алған, тәуелсіздік заманда, ұлағатты ұлы кісілердің әңгімелерінің керек екенін енді білдік қой.

  Менің әкем, Хайрулла Қошанұлы Құлжан атаммен немерелес кісі.Сол кісі айтып отыратын еді: Құлжан ағамыз Каспий теңізінде брикашік (приказщик ) болған деп,типі
жол көрсетуші, балық өткізуші болса керек .

  Көп жылдар кемемен Каспий теңізінде, Еділ, Жайық өзендерімен соның бойымен Сібір өзендеріне дейін барған.Сонда баласы Ашығалының басқа балдарынан гөрі зеректігін сезіп , өзімен бірге ала жүріп ,осы өзендер бойындағы орыс, татар, башқұрттарментаныстырған ,орысша үйреткен, көп жерлерді көрсеткен.

  Кейіннен Теке (қазіргі Орал) қаласына оқытқан, екі кластық білім алдырған.
Құлжан атамыз елге келгенде көрген, білгендерін айтып отырады екен.Сонда: «Мына Каспий теңізінің оңтүстік бетінде грузин, армиян деген халықтар бар екен, әйел- қыздары көйлектерін тізеден жоғары киеді ұятсыз екен,сол дәстүр бізге де келеді-ау,» дейді екен.
  Ашығалы Құлжанұлы 1920 жылдан кейін, Кеңес үкіметі келуіне байланысты ел өміріне араласып, кеңсе қағаздарын жазып, қазақшадан орысшаға аударып беріп, писарьлык (жазушылық) қызметтер атқарған.Ауқаттыларды конфискациялау науқанына қатысқан.
  1928 жылы Ойыл ауданын (Ақтөбе облысы Көкжарда )құру жұмысына қатынасып , ұйымдастыруда комитетінің хатшылық қызметін атқарған.

  Соғысқа дейін аудандық атқару комитетінде жауапты хатшылық РайЗО (жер комитетінің) бастығы болған.Содан соғысқа кетіп, ауыр жараланып соғыс бітпей елге оралған.Келгеннен кейін жоғарғы колхоздарға Киров колхозына басқарма бастығы, кейіннен өндіріске араласып, Қосшағылда АТК-да экономист болып зейнеткерлікке шыққанша жұмыс жасаған.
  Ашығалы ағамыз елді көп аралаған кісі. Маңғыстау, Орал, Ақтөбе өңірлерінде болып, көптеген ел азаматтарымен танысып көрген білгендерін қағазға түсіріп шежіреде жазған.

  Өткен 1929-1933 жылдардағы ашаршылықтың ортасында болған, халыққа көмек көрсетуде Жылыой өңірінің барлық жерлерінде болып, өзінің ақыл кеңесін айтып халыққа демеу болған адам.
Ашекең айыткан әңгімелерден :

1)Ашаршылық жылдары (1929-1933 ж.)осы Жылыой өңірі Қызылқала ауылының Ащыкөл елді мекенінен бір ағамыз Қобдаға (Ақтөбе облысы Арқа деп атайды екен) атқа 10 қадақ (4 кг) ақтаған тары теңдеп сапар шегеді.Онда тұрмысқа кеткен қарындасы бар екен, соның халін білем ,тірі болса алып келем,өлі болса өлген жерін көріп келем деп кеткен.  
  Қобда жеріне жеткен соң, өзі бұрын ол жаққа барғанда көріп жүрген байдың ауылының шетіне келсе, үй сыртында бір 15-16 жас шамасындағы аппақ қыз бала үстіне үлде мен бүлде (әдемі киімдер болса керек) киген алдынан шыға келіп аттың жүгеніне жармаса кетіп:
"Аға еке-ай мені ала кет, қандай кәдеңе жаратсаңда, мені тірі қалдыр"-дейді.
  Атты байлап тастап үйге кірсе, есік алдынан төрге дейін көрпе жамылған өлі адамдар мүрделерін көріп, шошына кейін шығады да, атына міне шаба жөнеледі.
Содан қарындасының аулына бағыт алып, ел шетіне келеді де бір жерге қалтадағы (дорба) тарысын көміп, өзі қарындасының үйіне беттейді.

 Yйге кірсе карындасы күйеуі ,2 баласымен бүгін-ертең өлу қалінде отыр екен.
Қарындасын шығарып алып, атына мінгестіріп еліне қайтады.Жолшыбай тарыны талғажау етіп елге аман-есен жетіп, жан сақтап, тірі қалды дейді.

2)Ауданды ұйымдастыруда Көкжар барғанда КАЗЦИК-тің бастығы Елтай Ерназаровтың көргенін айтқан еді. Мен: «Ашеке, ол кісі сауатсыз ,надан кісі дейді ғой,шынында да солайма?-дегенімде, « жоқ ол кісі сауатты, сараңдау сөйлейтін, нақтап ,салмақтап сойлейтін ,би кісі екен» деген.

3)1977 жылдың қысында болу керек, Қосшағыл кеңшары құрылғаннан кейін ауданға концерт қоюға гастрольдік сапармен Алматыдан Ғарифолла Құрманғалиев келіп , ауылдың мұнайшылар клубында концерт қояды.
  Кешке совхоздың экономистісі Бердіғожиев Сарттың үйіне қонақасы дайындалып, бірге болуға Ашекеңді алдырады. Әңгіме үстінде Гарифоллаға: «Iнім сенің шешеңнің аты Жаңыл ғой ,мен 1935жылы Жымпитыға барғанда (Қаратөбе ауданы) сәлемдесіп едім», дегенде ,Fарифолла ағай ол кісінің есте сақтау қабілетіне қатты таң қалған еді.

4) 19 ғасырдың аяғында болса керек, ол кезде батыс өңірі Орал қаласына (Теке қаласы) қарайды екен.Жылыойдың Қараша елді мекен бетінде Жастабан таз ауылдары биі -провитель болған Қосымбайдың кезі, біздің Қызыл қала бетте алаша ауылы,оның биі Әреш деген атамыз болған. Екі ел шекаралас екен. Бір жылы Оралда патшаның жиыны болады, оған елден палуан апару керек болады.Сонда екі ел арасынан Қосымбай мен Әреш би біздің алаша ауылы Тоқбас бөлімінен Алдамжар немересі Садақбай палуан немересі Ұйқасбайды апарған екен.Ұйқасбай сол кезде 17 жастағы бала жігіт екен.
Қазақтың салты бойынша кішісін (қосшы бала) атқосшы, қазаншы санап , әдейі тәрбиелеп, бақпайды екен.Сол күйінде апарып , орыстың «өгіз» палуанымен күресуге дайындайды.»Өгіз» палуан бір жатқан ірі кісі екен, ол өзіше маған шақ келер палуан жоқ, деп ортада отырған ғой, әр елден барған палуандар журектері дауаламай қорқып шықпапты.
Сонда біздің жақтан Ұйқасбай палуанды шығарыпты.Өгіз палуан Ұйқасбайды шүлдіше лақтырып жерге аяғын тигізбепті,бірақ Ұйқасбай жауырынын жерге тигізбей мысықша қарғып түседі екен.

  Қосымбай мен Әреш аталарымыз -"Ей,Ұйқасбай неғып жүрсің осы уақытқа дейін алып соқпай, қимылда", деген екен.Сол кезде қолын тек белдегі жіптің алдынан ұстауына ғана жеткізген палуан , жерге аяғы тиген кезде, аса шапшандыкпен тез көтеріп аударып тастап , басынан аттап кетіпті. Көтергенде салмақтан Ұйқасбайдың аяғы тобықтан ба, тізеден бе жерге кіріп кеткен екен. Атамыз 55 жасқа келгенше күресіп ,атағы елге жайылған екен.

  Бір жылы Қызылқала өңірінде Жареке деген жерде Шеркеш бетте Кеңес үкіметі келер алдында үлкен жиын болып, соңынан палуан күресі болады.Біздің елде палуан болмай, сол кезде 55 жасқа келіп қалған Ұйқасбайды Әреш атамыз зорлап, алашаның намысы үшін бүгінгі күні өлсеңде шық, деген ғой.Сол жиында Шеркестің Маябас деген палуанын жығып кетіпті.
  Кейіннен Әреш атамыз тауын қайырмаған Ұйқасбайды айтып, қамкөңілденіп отырады екен. Сол Ұйқасбайдан Таян деген баласы соғысқа кетіп келмеген.Таян торсиған жауырынды кісі екен.Жарлы адам ғой, қырманнан көтергеніңше тары ал десе, бес пұттан екі қапты(10 пұт-160 кг) екі уыс тары салынған дорба алғандай арқалайды екен. Оның баласы Жалғас Ұйқасбаев ініміз (1942 ж.т) беріде қайтты. Оны Құлсарыда тұратын жұрттың көбі біледі, «ЗИЛ» машинаның дөңгелегін, 200 кг-дық бөшкілерді майымен машинаға көтеріп тией беретін еді.

5)Ақкиізтоғай жөнінде.
  Кейінгі кезде Ақкиізтоғай жөнінде әркім әртүрлі айтып жүр.Біреулер ханды Ақкиізге көтерген жер, тағы біреулері жер бедеріне байланысты қойылған ат дейді.Менің әкем Хайрулла мен Ашекең : «Ақкиізтоғайдың арқа (солтүстік) бетіндегі Жем бойында үлкен тоғай болған еді.Онда қазоты деген шөп киіздей болып тұтасып жататын, мал жегенде де таусылмайтын ,өте қалың тығыз өсетін шөп еді.Сол жер бедеріне байланысты қойылған Ақкиізтоғай», дейтін.


  Хайруллаұлы Сайын,
  Еңбек ардагері.зейнеткер
  1937 жылы туылған.

 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008