Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Макалдар топтамалары

Макалдар топтамалары
Мерзімді Баспасөзде жарияланған
 мақалалар топтамалары 




1. Жемнің келешегі кең

Жемнің мұнайы
 
Мұнайы майы Жем өзенінің жағасынан шығатындықтан Жем мұнайы деп аталады. Бұдан 40-50 жылдар бұрын осы өлкеде зерттеу жұмыстары басталып, 1899 жылы Қарашүңгілден тәулігіне 90 мың пұт және 1911 жылы Доссордан фонтан атылып, бір миллион пұт өнім берген екен.  Содан кейін зерттеу жұмыстары күшейтіле бастады. Ал 1915-1916 жылдары Жем аймағының әр жерінде мұнай белгілері байқалып, соның ішінде Мақаттан май шығады.

  Совет өкіметі орнауымен бұл өндірістік жұмыстары жанданып Жем бойы байлығы мол маңызды өлкенің бірінен саналады. Сөйтіп, мұнай өндірісі жөнінде Жем мұнайы Совет Одағында үшінші орын алады. 
  Қазірде мұнай белгілері байқалған Қосшағыл, Төлес, Қарашүңгіл, Мұнайлы, Қасқыр бұлақ, Қызыл қала, Ақши, Әлібай, Жосалысай, Иманқара, Қойқара, Қарамұрат, Орыс қазған, тағы сондай орындар шықты.

  Қосшағылдың зерттеу жұмысы 1930 жылы жүргізіліп, 1932 жылғы күзде орасан зор мұнай фонтаны атылды.Қосшағыл өндірісі жұмысқа кірісті, ондағы жұмысшылардың барлығы да Жем бойының халықтары. Қазір фонтанды 7 скважинаның 4-і тәулігіне 1200 тонна мұнай өнімін береді.

  Жем аймағындағы мұнай беретін жердің шамасы 700 000 шаршы километрдей, бұлардың әрбір гектарынан 100 000 тонна мұнай өнетіні анықталды. 1932 жылы басталған 725 километрлік Каспий-Орск мұнай айдау құбыры құрылысы таяуда бітеді де іске қосылады.
  Қорыта айтқанда, Жылыой еңбекшілері Жем бойы байлығын тез игеріп, халық игілігіне айналдыруда жемісті еңбектене береді.


  Ашығалы Тағанұлы,
  Жылыой аудандық "Социалды ауыл" газеті,1935 жыл



Қаз КСР-ның 15 жылдығына орай 

  Жылыойдағы балық шаруашылығы туралы

Жемнің келешегі кең 


  Жем өзені Кеңестер Одағында үшінші орын алады. Бұл өзеннің басы Шығыста, Мұғалжар тауынан ағып, орта Азиялық темір жолына кездеседі, аяғы Жылыойдың қазіргі орталығынан 8 километр жердегі Келек деген жердегі Қияқ өзенінен Каспий теңізіне құяды. Жылыойдан 35-40 километр жерден Құлан, Қияқ, Жаршық үш өзен болып Каспийге қосылады. Бұлардың негізгісі Қияқ өзені, ауданның байлығы- балық та осында.

  Жем өзені кеңес үкіметі орнамастан бұрын елеусіз, ескерусіз пайдаланылмай жатқан қазынаның бірі еді. Жергілікті халықтар мен көшіп жүргендер пішенін шауып, малдарын жаятын. Қазірде Жем өзені атақты бай жердің қатарына қосылды. Мал шаруашылығын социалды жолмен өркендету, сапалы мал азығын жинау, егістің бірнеше түрін салу, мұнай шығару және балық аулау кәсіптерінің қайсысына да сай болды.

Жемдегі мал шаруашылығы

  Жем өзенінің бойы мал шаруашылығының қандай түрі болсада өсіруге қолайлы. Қазірде мал басының өсіп- өрлеп келе жатқанын көреміз, осы 1935 жылдың 1 шілдесіндегі есепте 26,893 бас мал болды. Бұл 1932 жылғымен салыстырғанда 150 процент өсіп отыр. Асыл тұқымды қалмақ жылқысы, мәліш қойының, ешкі, сиырдың сментал түрлерінің тұқымы көбейіп келеді. Жем өзенінің жерлері мал басына керекті азықтың бірнеше түрін беріп отыр. 1931 жылы-20455, 1932 жылы-29511, 1934 жылы-30904, 1935 жылы-55350 тонна шөп шабылып алынды. Бұлар 1931 жылғы алынған пішенмен салыстырғанда 216,8 процент.

Жем егістігі кеңеюде

  Ауданымызда алғашқы кездерде жер пайдалану жұмыстары дұрыс жолға қойылмағандықтан Жемдегі егіс байлығы да жалпыға еленіп, ескерілмей келген.
Аудан көлемінде жалғыз-ақ Жем ауылының халқы ертеден егіске еңбек жасап келе жатқан еді.Аудан 1931 жылдан бастап 230 гектар егіс жоспарын алып, оны сол жылы 505 гектар немесе 201 процент етіп орындады. Бұдан 2485 центнер астық алды. Сонымен қатар ауданымызда егіске жарамды 8670 гектар жер бар екені байқалды.

Бұдан кейін жыл сайын егін салу жұмыстарына аудан еңбекшілері дағдылана бастады. 1932 жылы 4118 гектар егін салынды. Бірақ, бұдан Жем өзенінің суын дұрыс пайдалана алмағандықтан (белгісіз) 1560 гектар (37,9 %) жердің егісі күйіп қалып, тек салынған егіннің 2558 гектары (62,1 %) ғана жиналды, одан 13719 центнер астық алды.
1933 жылы 7790 гектар жерге тұқым себілген, мұның 4820 гектары қырлықтан салынып, құрғақшылық болғандықтан мүлдем шықпай қалды. Осы 1933 жылдың бергентәжірибесі 1934 жылдың ішінде салынған егістерге Жем суын қалай да пайдаланудың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан 1934 жылы "Бақашы", "Құм жем" деген жерлерден 4 бөгет салып, 4600 гектар егін салынды, одан 26988 центнер астық алынды. Ал 1935 жылы 7 бөгет салынып, 7400 гектар жерге егін егіліп, 39524 центнер астық алынып отыр.

Жем балығы

  Жылыойдан Жем өзені 30-40 километр жердей қашық. Қияқ, Құлан, Жаршақ деген үш тарауға айырылып, аралары 15-20 километрдей жерден барлығы да Каспийге құяды. 1930 жылдан бастап ,ауданда балық аулау артельдері ұйымдастырылды. Қазірде 5 балықшы колхозы бар. Бұларға ауданның 43,9 проценті ұйымдасқан.Жем өзенінің балығы көбінесе екінші тоқсан мезгілдерінде болады. Жазғытұры Жемнен тасып құйған тұщы сумен Каспийден қалың балықтар шығады. Қазір Қияқ, Қара-Өзен, Жаршық, Құлан өзектерінің маңы қайнаған күш, жағалай ағаш, ақ палаткі, толған жұмыскерлер.

1933 жылғы балық аулау жоспары 89970 центнер немесе 69,8 процент орындалды. 1934 жығы 79588 центнер жоспар, 76339 центнерге, яғни, 96 процент орындалды. Жалпы ауланған балықтың 33,3 проценті өзектен алынды.
1935 жылғы жоспар 80544 центнер. Одан қазіргі орындалуы 97533 центнер, жылдық жоспарға шаққанда 83,8 процент. Мұның ішіндн өзек жоспары 30 000 центнер.
1935 жылдың балық аулау жоспарын мезгілінен бұрын орындағанымыз үшін ауданымыздың маңдай алды балықшы колхозы "Қызыл жем" артелі ауыспалы Қызыл Ту алды.

Жем балық зауыты

  Жылыой қаласы 1870-73 жылдардың шамасында салынған, мұнда ең әуелі Назаров, Сақжанов деген орыс байлары келіп тек қана үш үй салдырған екен. Содан кейін балық кәсіпшілігі арқасында байлар көбейіп, 40-45 ке дейін балық промсылдары салынған. Азамат соғысы кезінде промсылдарда жұмыс тоқтап, мекендеген меншікті байлар басқа жаққа қашып кете бастаған. Қалғандары да қайтадан түземей, промсылдар бұзылып, азая бастаған. Кеңес үкіметі орнаған соң, балық өндірісінің жұмыстары қайтадан оңдала бастады. Қазірде 7 балық промсылы бар, бұлар 27754 центнер балық шығарады. Бұл зауыттар 1932 жылы 71036 центнер, 1933 жылы 36764 центнер, 1934 жылы 29669 центнер балық аулады.
1933 жылы жоспары 40 000 центнер еді, бұдан казір 45592 центнер немесе 113 процентке орындалды.

Балық зауытының алдындағы міндеттері

  Осы үстіміздегі жылда Кеңестер Одағының азық-түлік комиссары Микоян жолдастың және Қазақстан басшылары- Мирзоян мен Ұзақбай жолдастардың Жылыойға келіп кетуімен байланысты балық байлығы бұрынғыдан гөрі де бағалана түсті.
Жылыой балық зауыты 51 000 центнер балықты бір алғанда үлгеретін етіп ұлғайтылды. Мұның ішінде Қияқ зауыты 30 000 центнер, Қара өзек 10 000 центнер, Жаршық 4 000 центнер балық өңдейтін етіліп өсірілмек. Және Жаршықтағы 1 ші санды промсыл 2 ші санды промсылға көшіріліп, Ата-арал, Құлан промсылдары Шұбыртпалыға ауыстырылғалы отыр.
  Жұмыскерлерді балық маусымының мезгілінде керек жарақтарымен қамтамасыз ету үшін 25 палаткі, 250 санға жеткізілмек және бұларды оңдату үшін ағаш кесектерін әкелмек. Жатақ үйлері салынбақ.15 000 куб метр мұз сиярлық орын салдырылды және өзектен салуға 2 қоржынды 40 ұзын аулар болады. 25 000 сомдық электр стансасы салынып, зауыттарға жағылады. Бұл жұмыстарға 1200000 сом қаржы жұмсалмақ.

Бұдан да гөрі балық жұмысының байлығын басқаруда ауданға керекті жағдайлар, қолға алуға тиісті жұмыстардың бірі- Қара өзек, Қияқ сағаларындағы балық жүретін арнаның бойын тереңдетіп, тасымал шығындарын азайту үшін сол өзектерге қайық, кеме, пароходтар жүретін жолдарын ашу. Бұларға Жемнің тұщы суларын толық қатынастыру үшін айтылған өзектерді тереңдетіп қаздыру қажет.

  Міне, осы зерттеу жұмыстарын әлі де болса жандандырып пайдасыз жерге барып жатқан Жем суларын балық байлығына бағындыру қажет.
  1932 жылы осы Жылыойда 10 000 000 банкалық балық кансерві зауытын орнатуға жоба жасалынған. Бірақ бұл әлі істелген жоқ. Міне балық консерві зауытын салдыруда бір маңызды жұмыс.
  Осы жоғарыдығы шараларды істеу мен Жылыой еңбекшілеріне Жем өзенінің кемісін жетістіріп және мәдени өндірісті байлықтың желісін нығайтамыз.
Қорытып айтқанда, Жем өзені Қазақстанның он бес жылдық өмірімен бірге өркендеп, ұлы табыстарға жетті.

 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008