Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары

Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары
Тағанов Ашығали Құлжанұлының жеке шығармалары
Өлеңдер топтамалары
 
 
 
Керзі етік киіп,
күн кештік
 
 Майданнан хат
Қалыңдық, майдан жері-ноғай ағаш,
Тульский Смоламен шекаралас.
Бір жағы Орловская облысы,
Жағдайын таныстырып,етелік паш.

  Жерінде Жазирадай өзен су бар,
  Жайқалған егістігі, орман-нулар.
  Қалаға Калугадай қашық емес,
Өзені Ока деген болған душар.
Бұл Ока картадағы белгілі жер,
Ұштасып Волгаменен,төмен құлар.

  Міне, біз емделуде осындамыз,
  Қаланың Алексино тұсындамыз.
  Жараның тегі онша емес ауыр емес,
  Жағдайды артық ойлап, шошынбаңыз!
  Емделіп, екінші рет майдан барып,
  Отанға жеңіспенен қосылармыз.
  Алексино, 10.09.1942 ж.
   


  Тула қаласында

Біз келдік бұл қалаға түн батқасын,
Темір жол вокзалына жұрт жатқансын.
Ақ үйге үш-төрт қабат сол күн түнеп,
Таныстық бұл қаламен таң атқасын.
  Қала екен құрылысы салған таудан,
  Айнала тоғайы көп, қалың орман.
  Сарқырай сайда бұлақ ағып жатыр,
  Түбінен түндегі үйдің біздер қонған.
Түнеріп қара бұлтты күн суытты,
Өзгеріп ауа-райы жаңбыр жауған.
Тынымсыз ағып жатыр бұлақтары,
Келеміз таудан төмен құлатпалы.
  Көкорай, сылқылдаған көздері көп,
  Балшықсыз жері жоқ-ты құрғақтағы.
  Болғасын тығыз срок, мәлім болу,
  Жағдайын бұдан артық болжатпады.
Туладан Подольск біз жөнелдік,
Баратын енді алдына комбат-тағы.
  6.10.1942 ж


  Подольск қаласында

Кездесті вокзалында бір шал адам,
Жүргенде жұмыс істеп кешке таман.
Тұрпаты қарапайым, сөзі жұмсақ,
Жайдары көңілімен ыңғайланған.
  Қонуға ұлықсатын бергеннен соң,
  Үйіне жұмысшының ұрдық қадам  
  Вокзалдан үш жүз метр бұның үйі,
  Жағдайлы тұратындай, тұрмыс күйлі.
Білдірсе қабылдығын адал ниетпен,
Көрсеткен жауынгерге артық-сыйы.
Салқын күн жаңбырлы еді күз бейнесі,
Жылындық бергеннен соң шәйін жиі.

  Жол жүрдік тағы бұдан ертеңіне,
  Сроктың асығамыз келтеңіне.
  Баратын енді бөлім қашық емес,
  Мықтаса бес шақырым жер шелінде.
Келгесін жүз тосан бес-запас полк,
Қабылдап бұйрық берді тіркелуге.
  Подольск,7.10.1942 ж


  Бұйрық алдық шабуылға

Ойнадық бір азғантай мұнда жатып,
Далалық кухняның дәмін татып.
Сұрғылт бұлт, қарлар жауып, күн суытып,
Қалыпты жер тоңазып, мұздар қатып.

  Жамылып жердің беті ақ шапанын,
  Жүрмейсің бұрынғыдай балшық басып.
  Әскері бізден былай оңтүстіктің,
  Кетіпті Дон жағалай, одан да асып.

Түнінде жиырма алтыншы ноябрьдің,
"Алға" деп, жауға қарсы араластық.
Тоқтамай кедергіге жолдағыға,
Келемін бөлімшенің бір жағында,
  Жарылып жаудың атқан снаряды,
  Қапыда жара салды оң санымнан.
  Қарасам шинелімде екі тесік,
  Шалбарлы қара саннан кеткен кесіп.

Өртенген алдымызда танкі бар-ды,
Осыған жолдастарым жеткен нешік.
Сандағы жарақатты есіме алсам,
Жылжимын етбетімнен мен де ілесіп.
Ержүрек, Отан сүйген көңіл балуан,
Мақсатым қалу үшін шын күресіп.
  Оқ атты пулеметін үзбей дұшпан,
  Түтіні бір-біріне араласқан.
  Ызылдап төбемізден самолеті,
  Ілмейген аш масадай қаптай ұшқан.
Жағаға олар жатқан жетіп келдік,
Талқандап жаудың шегін қарамастын,
Ерлікті айт, езіп жауды алға басқан,
Аузына екі ДЗОТ-тың құм құйғанда,
  Шегініп, неміс пақыр кейін қашқан.
  Меңзесең қараулыға ілінеді,
  Мишеньдей алдағы жау бейне құсқа.
  Құрғызбай станковой пулеметін,
Үшеуі станковой пулеметтен
Сол бойда қазаланып, жерді құшқан.
Төртеуін тіршіліктен көзін жойып,
Көрініп көзге ілінсе болдым ұста.
  Қарқынмен ілгерілеп жауынгерлер,
  Дон бойы шеру тартқан Кавказ тұста.
  Одақтас Америка, Англия,
  Күшейтіп шабуылды, бұлар қысса.
Талқандай жау шеңберін, жерден айдап,
Жеңіске жете алармыз осы қыста.
  26.11.1942 ж


  Талқаны шығып алқынбақ
  (Ауылға жазған хаттан)


Қырық бірінші жылдың ортасы,
Жиырма екісі июньннің.
Қараңғы кешкі түнінде,
Бастығы Гитлер, фашизм,
Опасыз еді, бүлінді.
Кеудесін кернеп менмендік,
Қалпынан асып үрілді.
Айуандық етіп, асқақтап,
Әділдік жолдан сүрінді.
Он екі миллион әскер дайындап,
Жеңілсе бұлар жойылмақ,
Жүз жетпіс бұдан дивизия,
Майданға бірден бөлінді.

  Хабарсыз жорық, шарт бұзып,
  Қарақұс ниетті тақ бұзық,
  Шектен аттау планы,
  "Қауырт соғыс" түрінде,
  "СССР-ді алам" деп,
  "Мықтаса екі ай шенінде".
  Тревога болынып,
  Әлемде хабар толығып,
  Жиһангер соғыс екінші,
  Басталды совет жерінде.
Бұдан бұрын бірнеше,
Басып алды Батысты,
Европа елінде,
Бір біз емес,
Басқа дүние жүзі халқынан,
Тоқсан алты процент,
Бұл соғысқа ілінді.
Опасыз залым жағдайын,
Көрші елдерге білгізіп,
Наразылық енгізіп,
Өкімет жазған нотадан,
Әлемге жалпы білінді.
  Миллионер тылдағы,
  Бұл нотаны талқылап,
  Бейімдеп құрды соғысқа
  Шаруалар барлық аршындап.
  Еселеп кәсіп, өндіріс,
  Өнімі- еңбек қарқындап.
  Тыл менен майдан істері,
  Отан қорғау күштері,
  Тұлғасы түгел артылмақ.

Ортасында Еңбектің,
Өнімі өсіп өрнектен,
Советтің информбюросын,
Кездескендер жүр тыңдап.
Фашистің тылы баянсыз,
Соққы алса бізден аяусыз.
Өрбіген күшке төзе алмай,
"Ағымыз" тоқтап сарқылмақ.
Түбінде жеңіс біздікі
Ісіміз әділ, жарқын-жақ.
Июльдің үші
Үкімет бірлікке бізді шақырған,
Бұзылмас берік ынтымақ.

  Сендірді сезім талғамын,
  Радио-ауа сым
  Бұлбұлдай сайрап сыңқылдап.
  Біріңғай майдан тылменен жарқын шақ
  Арасында үзіліс кездеспесін
  Көрсеткен бейне қайратын
  Советтің қызыл әскері
  Мақтаулы неміс әскерін
  Майданда жүрген алқымдап.
  Және одақтас күштері
  Бірлескенде бұлармен,
  Талқаны шығып алқынбақ!
  Сочи қаласы, 1943 ж


  Дұшпаным күйреу жолында

Бейбітшілік дұшпаны
Жүріп жатқан соғыстың
Тәжірибелі нұсқауы
Анықтаулы-осылай-
Токио-Рим-Берлиндік
Фашистердің белдігі.
Әуелден -ақ біздерге
Жоқ еді тату елдігі.

  Баренцово, Түстік- мұз теңіз,
  Қырымда Қара -бұл теңіз.
  Үш мың үш жүз шақырым
  Екі арасы тұтасқан.
  Майданның шеңбер кеңдігі
  Қырық бірінші жылдың күзінде,
  Москваның түбінде,
  Соққы алды неміс әскері,
  Артылып қызыл ерлігі.
  Әсіресе сол жерде
  Жиырма сегіз жауынгер
  Көрсетті қатты ерлігін
  Есболатов, Қосаев,
  Қожаберген, Сеңгірбай,
  Осылардың балдары
  Ойран болды дұшпанға,
  Ұрысқа шыққан әр күні
  Кәүреді жауды танкілер,
  Граната, ПТР, жарылғыш,
  Қолданғасын барлығын.

Әбдібеков, Ғабдуллин,
Полковник Момышұлы,
Расуловтай батырлар
Қазақтан шығып тұр бүгін.
Жаңылды неміс планнан,
Шегінсе кері құтылмас
"Фашистке- өлім" ұраннан.
Тойтарыс алға шабуыл
Басталды бірден сол жылың.
Қысқасынан шолынды,
Тауысам ба сөздің ұрғынын?!

  Екінші кезеңі соғыстың,
  Тарихи бар маңызы.
  Қырық екінші жылдағы
  Сталинград қорғаны
  Бір мың бес жүз шақырым,
  Көлемі кеткен шабуылдың,
  Үстемдік жағдай тұр мұным.
  Үш жүз мыңнан артылды,
  Пленге түскен немістер,
  Фельдмаршал Паулюспен
  Жағасында Волганың.
  Майданда, 1943 ж


  Бүлдіршіндер тілегі
  (Жазушы:Рақа, Р.Шәкен)


Хат жаздым сағынғаннан,қалам алып,
Ішімде қайғы-қасірет оттай жанып.
Ұйықтасам-көрген түсім сен боласын,
Майданда жүрсің, папа, әлде нағып?!

Қал-жағдай қалай, папа, денің сау ма,
Аттандың Отан үшін залым жауға.
Түс көрсем қиыншылық жолда жүрем,
Тілектес түп мақсатқа біз ауылда,
Жолыңа жорықтағы жаным сауға!

Көп ойлап көз жасымды ағызамын,
Аңсаймын сені,папа,сағынамын.
Аурумын- көп уайымда, қайғыменен,
Түсіңде қоңыраймай нағыламын?!

Соғыстың Отан үшін дәмән таттың,
Болмаса Жеңіс- дару, жанға батты.
Көксейтін көп тілегі жеңісіңді,
Тілекші бүлдіршіндер жазған хатты.
  2.02.1945 ж


Жау жаншылып жеңілер, жеңіс туы бізде желбірер!


Тұрама салқын болмай қар кетпесе,
Тозаңсыз лай кетіп, жер кеппесе?!
Жайқалып жапырағы қалың нудың
Құбылып гүлденбей ме жер бір көктесе?!

  Жауындай жауған оқтан жаураған жау,
  Қалы жоқ қайрат жасар, дірдектеуде.
  Ақ борық, қамыс-майсал, сендер-құрақ,
  Көксейтін күн сәулесін майда шуақ.
  Құлпырып, бойын жазып, өркендейтін,
  Шуақтан күннен түскен алса қуат.

Көріндің бүлдіршіндер ,әне сондай,
Хат жазған майдан жәйін, қалын сұрап.
Ерге сын, қиыншылық жолда жүрсең,
Бұл өзі күндізгі ойың, түсте көрсең.
Айықпас өкінішің сонда емес пе,
Дұшпанға қасиетті жерді берсең?!

  Бұларды жау қолынан босатқанбыз,
  Жеңіс сол, құзырыңа боларлық ем.
  Қайғырдың қасіретпен осына ойлап,
  Тілегің-жау тұқымын мүлде жоймақ.

Сондай-ақ, жәрдем күткен жан аз емес,
Батыс Европаның былайғы аймақ.
Іске асып, осылармен сіздің тілек,
Жеңіспен қосылармыз күліп-ойнап.
  Майданның тылдағымен тілегі бір,
  Бостандық сүйген елмен жүрегі бір.
  Курляндия, Дунай, Везерь-Эльба өзені
  Кедергі болғандай ма біздерге бұл?!

Ендігі хабарымды Берлиннен күт,
Шын Жеңіс бізді күтіп, сол жерде тұр.
Имашев, Есіркепов, Тәжібаев,
Маңында үш қыранның папаңда жүр.
  Дұшпанға кім бұлардай жүріп көрген,
  Әрине, қыран барса бүлік кірген.
  Меңгеріп техника осылардай,
  Кім бар еді ілгеріден біліп келген?!
Шығарса минутына мыңдаған оқ,
Дұшпан жоқ шеңгеліне ілікпеген.
Тілекші Жеңіс туын Берлиннен кут,
Бір соққы бергенде енді Серіктермен!
  Шығыс Пруссия, 15.04.1945 ж

   


Күйретелік немісті, тездетелік жеңісті!

Үш жылға кетті созылып,
Болмаса толық екі жыл.
Отанның әділ соғысы,
Аяқталмай пәле бұл.
Уақытша мезгілге,
Жер менен жесір жауда тұр.
Лагерьге айдап қоралай,
Ықтиярсыз еткен құл.
  Осыларды ойланып,
  Қамы үшін елдің қайғы алып.
  Бұйрық шығып әскери
  Жауғандай болды айқын нұр.
  Қолбасшы Халықком қорғаныс
  Бұйрығын берді майдағы.
  Жүз тоқсан бес нөмірі
  Соғыстық әдіс жайларда,
  Мазмұны терең документ
  Қамтылған алыс қайдағы.

Шолып өткен бір қатар,
Америка, Англия күштерін
Бейімделген ашуға
Екінші майдан аймағын.
Триполия, Ливия
Тазартылған немістен,
Тунистік соғыс ойраны
Германды қылған дағдарыс,
Билеуші тобын меңдетіп,
Тәнжіген ақыл-ойлары,
"Қауырт соғыс" іске аспай,
Курс үшін көрсеткен
Демьянск майданын.
  Одан былай батыста,
  Африка жерінде,
  Шегінген кері жайларын.
  Шешуші күрес алды деп,
  Аршылмай жатқан қаймағы.
  Орындай үшін бұйрықты,
  Білекті керек сыбанбақ.
  Фашистке өлім беруге,
  Дұшпанға шабу ұрандап.
  Беркітіп тәртіп істерін,
  Отанды қорғай күштерін,
  Дайындау толық құралдап.
  Фашистің қара құстарын, 
  Бастығы Гитлер-ұстазын,
  Жоюға мүлдем жұмарлап.
Жігер мен қайрат сайма сай,
Қолдаған кезде ерлікті
Қасқарса жүрек айнымай
Әнекей жеңіс-сынар бақ.
Соңғы алты айдың ішінде,
Еселеп қайрат шығарсақ.
Орындалмас бұйрық жоқ,
Қолбасшы нұсқау бергесін.
Кім жүреді бұлғаңдап,
Баянды ету жеңісті,
Тылменен қолға бір болмақ.
Алға бас, алға, алға бас,
Отан үшін ұмтылың
Шегінбе кейін шыбындай!
  Соғыс даласында,
  23.05.1943 ж


  Жолығыс

Шығыста аман ба едің, Рым інім,
Шат көңіл хатың келдіөткен күнің?!
Болғандай бір елесі сәулеленеді,
Өзгермей өзі білем тұлға-түрің.
Ыстығы қуаныштың әсері ме?
Ұйқыны келтірмейді келер түнің?
Сөз өрді көңілден бек елдегідей,
Хатпенен ұсынбаққа жүрек сырын.
Сендердей біздер Отан қорғаудамыз,
Жорықта шыныққан біздей таңдаулы ұлың.
Сондай-ақ, Айдай, Майдан басқасына,
Сәлем де көрмесекте бұдан бұрын.
Жауынгер сұраған жан барлығына
Мазмұнын өзің жайлап, таныстырың.
Тұрсаң да бізден жырақ алыстағы.
Түнерген дұшпан бұлты Отаныңа
Жібермеу ажыратып намыс-тағы.
Қайдада жауынгерлер намыс туыс
Туыстан болмасада таныстары,
Сезімі-бірлік, тату-бір семья,
Отандық міндет өтеу Борыштары
Қиналу,ойлау,сезім ұштасқанда
Жауынгер қартыңыздай қоныстағы.
Ар-намыс, арман-тілек, мақсаты бір
Майданда жүргендері соғыстағы.
Жазған хат жетіспей жүр Сырымбайға,
Келгенмен төрт бес айдан бұрынғы айда,
Хабарың жараланған білгенменен,
Белгісіз- бұдан кейін әлде қайда?



Сыннан өттік
Үш жылдай мезгіл өтті міне бұдан,
Сұр ғұлт бұлт күн сәулесін басқан тұман.
Бұл тұман Берлин, Рим, Токия еді,
Кеше жыл түздің аңы тағыланған.
Орнатпақ жаңа тәртіп жер жүзіне,
Қалпына Европаның салғанда лаң.
Айырып расаға түрлі ұлттарды
Қарт жасты реймсіз қоймай қорған.
Бір түрлі жаңа тәртіп конс лагерь
Көгендеп мұнда салды неше мыңнан
Соққы алды берлогіне қайта қойып,
Аса алмай асқар таулы биік шыңнан.
Фашистер жапон түздің "Аңы болса",
Алып шың қызыл әскер шыққан таңнан.
Қорғауда бостандығын сүйген елдің,
Шыныққан талай өтіп қиын сыңнан.
  1944 жыл, март 


Алғашқы қадам


Құрметті сәлем жаздым қадірлі анам,
  Көңілің жүрген болса болып алаң.
  Амандық халдеріңнен хабарлымын,
Хат жазған құрбылардан бірен-сараң.
  Денсаулық сезіміңе күш ендірсем,
 Жадырап жайлы күндей жақсы таран.
  Сұрасаң хал- ахуал біз тараптан,
.........



  Өмір сыры


Көк жиек горизонтта қалың орман,
Жалпыңды жасырғандай сонда болсаң.
Білінбейді саясында ыссы шілде,
Дем алып жан-жануар әбден оған.
Жаз жауын жолықтырмас панасы бар,
Шіміркейді дене бірақ түнде қонсаң.
Ағашы алма-жеміс, жиде желек,
Тарс етіп ұшып түседі қолың созсаң
Басына қол жетпесе кебек лақтыр
Сондада төгілгендей етек тоссаң.
Кедейлер кілең жарлы қиялында
Бұл жерде паң помещик ие болған
Иеленген бұл аймақты жеке меншік
Жалпыға пайдасы кем болмай бостан
Бидайы буратында бөлеген егіс
Дегендей жәй лас жоқ бәрі тегіс.
Фабрика, завод, шахты, өнеркәсіп
Бұрыннан ойланбаған керек деп ем!
Пан байлар, буржуазия, помещиктер,
Болмаса қалғанында малда кеміс,
Ашылған мектеп, клуб, кино сауық,
Мәні жоқ өткізіледі сауықты кеш.
Көркейтіп гүлдендірер бұл Отанды,
Кейінде қалдырмайтын кезектегі іс.
Латвия бұл айтқаным Литва елі,
Фашистен босатылған кеткен жері.
Кездесіп қызық тұрмыс ел қатынап,
Сондықтан көрсетілді мұның жөні.
Хатына көпшіліктің жауап үшін
Айтылды ақ теңіздік Балтик мәні
Бұл жерде елден келген хаттарды алып,
Оқысам ғажаптанам Аң-таң қалмай.
Кездесіп кейбір өткен өмір сыры
Елеусіз тастамадым өлең жаздым.
Көңіл шат бейбітшілік мезгілінде
Жүрмедің қиял шіркін қайда барып,
Кең пейіл берекелі қашаннан да ,
Үлгілі үздік қандай біздің халық.
...
...
Әсері батаңыздың бізге тиіп,
Балаңа түзде жүрген болған панаң.

Денің сау аманбысың, Ран жаным,
Кеткелі сеннен хабар бір алмадым
Бірге алып қос хатыңды сүмбіле де 
Сондықтан жауап жазбай тұра алмадым.
Қана алмай қанағатты хабарыңа,
Қорытынды папаң толық хабарыңа бере алмады.
Тәуекел кемесімен құлаш ұрып,
Басымды игі жолдан бұра алмадым.
Жағдайы 16 шы жылдың ойлап,
Кейбіреулер жүрме себеп іздеп ?


   

  Жеңісті жыл болсын
 
Қан ішер қара түнек фашистерден
Босату Отан жерін жақындауда,
Орнатпақ жаңа тәртіп ансамдарын
Бастартар батыс елі мақұлдаудан,
Біздің із әділшілдік ардақты жол
Бұл жағын жадыңа ал етіп тәуба.
Бұдан соң бізден сәлем қалған жанға
Сендердей тылда қанша сүйенгенім.
Хат жаздың хабар алдың әрдайымда,
Осы еді сізден талап сұрар жерім.
Еңбек ет ,көрсет қайрат дамыл алма,
Өнімді ет өндірістің қалың кенін.
Қажымас өнер көрсет, шаршап талма,
Орынсыз еңбектерің кетпес тегін.
Маман бол әр нәрсені атқар алға
Тіршілік талап етсе әлде нені.
Сен емес сендей болсын қауымың тегіс.
Білмеген үлгіңді алсын болса кеміс
Шабандап шалғайша тосқау болма.
Өзіңше істедің деп Отандық іс
Аршында еңбекке ұмтыл берген үздік.
Соққыңнан тұра алмастай болсын неміс.
Арайлап атсын ақ таң, кетсін тұман
Жаңа жыл әкел сондай айқын жеңіс.

  30.12.1943 жыл
  Ярцева-Гурьева смоленск обл.


Болғанда күндіз суық қорытынды түнде
Білмейді қызықтығын мұндайды кім?
Шарықтап жүрген шәрдің көшелерін
Білінбес алмасаңда көздің шырын,
Ән шырқап тұрмын түнде жұлдыз тыңдап,
Ақтарып жүрек сырын алатұғын
Бау-бақша көңіл жарқын сүйіп халқын
Жақында қашық емес осындай күн!

  10.08.1944 ж Литвада

Сүйікті сұлуға
Ашаң жүз шашы келсе қолаң қара,
Қыр мұрын, шым-шырақтай, көзі ғана.
Толықша, сұңғақ бойлы, алма мойын,
Туылғандай бір анадан өзі дара.
Тұлғалы құмырысқа бел, жазық кеудең,
Дегендей сымбат сұлу әттең сенбе ең.
Ақтолық құймақ ауыз ауыр мінез,
Тіл қатып жауап берсе сөзі жөндел.
Ұн бетті, қылаң емес бояу ерін,
Жырланған әсерліемес көргендерін.
Қылығы оларсыз да үйлесіп тұр
Шарынғай егілеп берсе жеткен жерін
Терең ой кең ақылдың данасындай 
Кім болмас риза туған анасындай.
Дәл өзін жанға балай еткендей
Өмірдің душар болсаң саласындай
Қарсылай жолың күтсе қайтуындай
Егсітей көз алдыңда айтуындай
Жіңішке қара қасы сызып қойған
Бір жаңа меңзет еті туған айғай
Шұғыла күн сәулесі күлімдеген
Жібектей сөзі майға ілінбеген
Ақтарып іштің сырын кеңесумен
Бір мызғып ұйқы көзге ілінбеген
Көп айтсам сұлулығын тіл байлайды
Үдетпең буға артың бұл жағдайда
Кездессе мұндай сұлу өмір серік
Болмай ма бәрі шаруаңа өзі ыңғайлы.
  

  Полевая почта 26369.
  Курляндия майданы,  
  15.05.1945 ж


Жорықтағы жортуыл
(Өз қолжазбаларынан)

  22 июнь 1941 жылы 9 май 1945 жыл 1418 күн немесе з жыл 9 ай отан соғысында болған мезгілдер.
1)11.06.1942 жылы 15.08.1942 жылға дейін Орынборда дайындалып, 23.08.1942 жылдан бастап Батыс майданға ст.Сухинчинскийден түсіп ,Орлов бағытында 27 гвардейский полкте болдым.

  28 август жұма күні,
  Түс қайта сенбі деп келер түні.
  Сұрапыл тұмандатып жауған оқтан
  Біреуге тұщы өмірдің біткен үні.
  Кездесті оқ маған ,бірақ жеңілірек
  Орасан кетпегендей қолдың сыны.
сөйтіп, аздап бірінші жарақат саусақтан алдым.
2)Бұдан кейін Подольскідегі 195 ші запас полкі арқылы 1ші Москва атқыштар дивизиясында болып, екінші рет сонымен жаралы болдым.
3) Ноябрь 26 - шы атты таңы,
  Орталық майданымыз- Ржев маңы
  Командир алға деген бұйрық берді
  Шабуыл жасалмастың болмас мәні.
  Жарылып жаудың атқан снаряды
  Басыма тиген- еді маған тағы
  Москва Тимириязова үйіндегі
  Жара ауыр операция болған шағы.

Алынған наградалар
1) за боевой заслуга
2) за от вагу
3) юбелейный медаль "100 летия рождения Ленина"
4) за победа отечественный войны 1941-1945 г
Алынбаған награда
  1) Қызыл Жұлдыз ордені
Латвия жеріне келтірген. Міне Отан соғысын осындағы Даугова жерде аяқтап елге келдік.

Отан соғыс ардагері Тағанов А
26.07.1984 ж. Қосшағыл



  ІІ. Айықпас дерт

1.Ақтауға барғанда

Жол жүрдік сапарымыз Ақтаудағы,
Қала ғой халық аузындағы мақтаудағы.
Қабылдап досымыздың құрметін,
Арнаулы дәмін татпақ сақтаудағы.

  Балдары Тұрлығали өкпе айтқанда,
  Кідіреді неге келмей жатқандары.
  Баламен төртеу шықтық елімізден,
  Қалмасын дедік достық көңілі бізден.

Раха, Сағызбай мен Серікте бар,
Бәріде Қосшағылдық жерімізден.
Оларға бұдан бұрын бармасақта,
Ауыздай сөйлесетін өзімізбен.

  Ақтауға жетпісінші күз кеттіде ,
  Шақырған сонда досын іздепті де.
  Жағасы терең теңіз суға түсіп,
  Тайғағын балдырлы тас сезбепті де.

Кеткесін тастан тайып тереңге әрі,
Жүзуге малтып қолын сермепті де.
Тырбынып тұншығумен әрең шығып,
Жаурады тұла бойға сызда өттіме.

  Оралған күртесіне жағадағы,
  Жылытқан жұмыс көрді білмепті де.
  Каспийдің батып шықты теңізінен,
  Раха қасында еді Серігімен.

Сағызбай інісі еді Раханың,
Екеуі бір анадан емізілген.
Шақырған Ақтаудағы бұлар досы,
Ембі де ауылдасы еді өзіміздің.

  Достары қарсы алыпты қонақтарын,
  Айтқанды есік ашық төріміз кең.
  Болдыма әлде судан Ақтаудағы,
  Ғұзырдың Сағызбайға сезігі не.

Кейбіреу пікірлерін айтып жатыр,
Болғанда бұған себеп кезігуден.
Ембінің геологы айтуынша,
Сезікті қарау дұрыс негізінен.

  Орыспен жүрмей жатқан моторды оңдап,
  Іске асып ескі мотор жүргізілген.
  Сонда олар алғыс айтып,арқа қағып,
  Айтқан сөз күдікті еді айтқан сөзден.

Үдесе ауру ұзақ басқа амал жоқ,
Пайдасы емханаға енгізумен.



2.Еңбек пен өрнек

Пейлі жылы адамның амандығы,
Зейіні еңбекте жоқ шабандығы.
Он жылдық үздік оқып мектебінен,
Басталған жасөспірім адамдығы.

  Жарық еткен жарығымен қараңғылы,
  Меңгерген тоқ жүйесі мамандығы.
  Басқару скважин пультін жасап,
  Сыналтқан Гурьевтен жарамдығы.

Сол жылы жаз каникул Алматыда,
Ақталған өнеріне адалдығы.
Қағазын грамота музей қойып,
Көрінген еңбегі мен моральдығы.

  Грамота Министрдің өнерге айғақ,
  Санада байқалмаған жамандығын.
  Өнерге өздігінен араласып,
  Сәулесі теледидар шашты нұрын.

Прием-передача мұны жасап,
Толқында қырық тоғыз хабарласты.
Елесін сырт дыбыстың үйден біліп,
Кедергіге тап болған қарақшы құты қашты.

  Лениннің туғанына 100 жылдығы,
  Медальін юбелейный алып тақты.
  Әртүрлі схема-чертеж бастай берді,
  Үздіксіз бұл бағытын қоштай берді.

Техникум Алматыдан сырттай оқып,
Кезекті емтиханнан саспай жүрді.
Кенеттен кесел тұрып кедергіге,
Дертінен қабыққандай аспан жерге.

  Демалыс академиялық бір жылдан соң,
  Оқуды жалғастырмай тастай берді.
  Жыл сайын екінші той мүжәлсіздк,
  Өмірлік еңбегіне аспай жүрді.

Дәрігерге емделу мен емханада
Жазумен үздігі жоқ қыстай жүрді.



  3.Ауруханада



  Мың тоғыз жүз елумен жылы "Барыс",
  Жиырма жаста қазірет атын жақты.
  Жетпіс үште шешесі, әке сексен,
  Бір жанұя үш жанды салмақтатты.

Өзегінен өмірдің өтер шақта,
Жеңіл емес табиғат жүгін артты.
Қайсарлықпен қайғысыз сау адамдай,
Күш үздікпей амалсыз зорға тартты.

  Қазір үйде бесінші ай орта күйде,
  Әлденеше райлы жарқын шақты.
  Кетті әбігер мүмкін ғой сүйінші дер,
  Қуат сезім әзірге табылмапты.

Ауру жазып дәрігер жоқ айықтырған,
Ата-ананың көңілін жайықтырған.
Мүмкін екі айына болмаса бір,
Арқалаймыз тамағын алыс қырдан.


  Мезгіл өтті мимырт-ай қадір кетті ,
  Жас өспірім кезінде жанып тұрған.
  Түңілмеңіз теріс айналып, налып қарап,
  Бәрін дерт қой ,бұларды жалықтырған.


4.Кірбіңсіз көңіл шырайлы.

Қайғы келсе қарсы тұр құлай берме,
Қызық келсе қызыққан сыңайға ерме.
Жүрегіңе сүңгіде шын асыл тап,
Сол мақсатың жетектер талай жерге.

  Кірбің ілген көңілге шырай бермес,
  Көмескіні жырақ деп жолай көрме.
  Жалғызбын деп жабыспа жастық кезде,
  Мыңға балап өзіңді құлаш серме.

Тазартып ал әуелі іштің кірін,
Көркің сұлу болса егер құлқың түзу
Тәрбие мен сәйкес ет мінез түрін.

  Аңғарып ал ,зейін сал, әр жағдайға
  Қылыш сілтеп қиялға жүрген бұрын.

Егер айтсаң жақсы сөз бір дерттіге,
Ауруыңның жартысы мол кетті де.
Ем қонбаған ауруға шара барма,
Ыңғай тапса сөндірмек зор өртті де.

  Дауа тілеп қарт ана баласына
  Қамығумен көз жасын көлдетуде

Ауру қалін сұрамақ парыз бен тең,
Басы сауға жай білу міндетті де.
Үйге кіріп, кейбіреу былай тұрсын,
Тілі жоқтай кейбіреу үндепті ме.

  Әсерінен көңілге кірбің еніп,
  Жадырамай жанарың күңгіртті де.
  Ес білмейтін осылар сәби ма, әлде,
  Кәмелетке келсе де жөндепті ме.

Желден жүйрік қиял ғой пендедегі,
Жұқпалы ауру болған деп сенбепті ме.
Аймен күнді қалдырып жұлдыз санап ,
Сенімді есеп болама сүдеттіге.


Сұлулық пішілім жемісің,
Тозатын өмір қысқа бұл.
Әділдік шешім жеңісің,
Төзімді өмір нұсқа бұл.



  ІІІ. ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

  Ғаріпті көрсең қадір тұт!

  Өсіріп көңіл күш қылма,
  Өлмейтіндей іс қыл да.
  Ғаріпті көрсең қадір тұт,
  Қалжыңмен салма мысқылға.
  Қоғамшыл бол да халқыңа,
  Жағдайсыз шанып ысқырма.
  Қызғалдақ көктем, жаз кетсе,
  Ызғары дайын қыстың да.
  Жанбайды бықсып шала да,
  Жалын жоқ жылу ұшқында.
  Алтынға ұқсас қола да
  Өзіне тән бағасы,
  Түсі сары мыстың да.
  Қамсауы жоқ жарық панаңа, 
  Ызғырық суық түс қылма.
  Қаржалған қажыр шамада
  Аршыны адым қысқарар.
  Өмірге келсең сол- еншің,
  Нашар бол мейлі,- мықтыңда.



  Ана тілге арнау

Қазақ елім, Ана тілім, туған жерім,
Сенсіз менің- себебі, шықпас үнім.
Өнеріңе адамзат үлес қосам,
Аман болса қазақша Ана тілім.
Ана тілше- толқынтам, еңіретем,
Ана тілше- күлдіртем, тебірентем.
Ана тілше жауынды жерге тығып,
Ана тілше досыңды емірентем.
Ана тілше жүрекке бойлап терең,
Ана тілді көркейтіп еңбек етем.
Тіл жетпейтін адамның жан сезімін
Жан бітіріп суреттей зерлеп берем.
Сондықтанда тілімді жандай сүйем,
Ана тілім алдыңда басымды ием.
Оның жауы айнымас менің жауым,
Ол кездессе бүркітше мен де шүйілем.
Қазақстан, тілдастан, өмірдастан,
Елдері бар кең жерде, ол - туысқан.
Адал досқа кесіп бер қоң етіңді,
Тек ана тіл мерейің, нықтап ұстан.
Ана тілің қазақша сұқпаттасқан,
Мейірі қанбақ әсерлі ынтымақтан.
Жұпар ауа, кең пейіш сені көрсем,
Талант тасып шабыттың көзін ашқан.
 
   
  Ақыл сұрап

  Жақсылыққа сүйенгенде,
  Асыл ғұмыр ұзарады.
  Жамандыққа сүйенгенде,
  Көз бұлдырай қызарады.
  Айналмай қожасына ішкен астың,
  Заманның есебіне аралассын.
  Көңілі болмай тұрса ел жұртыңның,
  Бақыты бақыт болмас, қара бастың.
  Ұнайды, ұнайды елге мақұл сыры,
  Сыртыңнан жүреді жұрт жақын сырап.
  Тірліктен басы қатып кей біреулер,
  Келеді, хат жазады ақыл- сұрап.



Қараған көзде қайкісі, әсері сезім бәйгісі.

1)Бір-көздер бар, көкірекке ойсалған
2) Бір-көздер бар, тік қарамай тайсалған
3) Бір-көздер бар, жүз жылғы алдын көретін
4) Бір-көздер бар, тек жұмыла беретін
5) Бір-көздер бар, жайнақтаған от шашып
6) Бір-көздер бар,тұра қалғыш оқтасып
7) Бір-көздер бар,қарай тұғын сызданып
8) Бір-көздер бар, қарай тұғын қызғанып
9) Бір-көздер бар, қарайтұғын нұрланып
10) Бір-көздер бар, қарайтұғын ұрланып
Әр қилы ғой адамдардың көздері
Сол көздермен сынайды олар өзгені.

   

  Мүшелдің сыры


13- 1 ші мүшел ержету
25- 2 ші мүшел жігіттік тасқын талай шабытты, шалқытып жігер-өрлету
37- 3 ші мүшел ақыл тоқтатып аршынып ала өрлеу
49- 4 ші мүшел орта жас тәлім тәрбие жөнді ету
61- 5 ші мүшел ақсақал кеңесінен тербенту
73- 6 шы мүшел бейімтұр қарттыққа қарай көлбету
85- 7 ші мүшел кәрілік кездессе кесел меңдету
97- 8 ші мүшел тұсамыс ілгері бассаң кер кету
109- 9 шы мүшел қалжырау алжасуды ден дету
121- 10 шы мүшел келсе егер, терізіп шот шек сенделту



   
  Құлсарыдағы Наурыз

Көктем айы көкектің
Бүгін 14 -жаңасы.
Жиналған халқы қаланың
Үлкені мен баласы,
Құтты болсын, Наурыз,
Қарсы алған бүгін жыл басы
60 жыл бойы өтпеген.
Қайта оралған халқына
Жаңғыртты сәуле жарығын.
Мерейлі болсын, даңқы артып,
Өркендесін өрісті боп,
Мереке- думан нақ болсын.
Шалқытып шаттық шабытпен,
Аршындасын адымы,
Сөйленген сөздің негізі
Денеден шыққан лебізі,
Батасына балана.
Мерекелі бүгін Наурызың
Баянды болып мәңгілік,
Жалғасын тауып сан рет,
 Дәстүрге әбден орнықсын!
   


Соңғы өлеңі .

  Құльсары каласы ,
  наурыз ,1990 жыл.

 



Адина Абдысадыққызының өлеңдері
Ашығалы жиеншары , Пазила немересі


  Әже
Айналайын қызым-ау
Деп еркелеткен әжемнен
Артық адам қайда бар?
Туған күні болғанда
 Өлең жазам қуанып,
Қойнына барып жатамда
Иісін иіскеп аламын.


  Әкеме
Әкешім асқар тауым қорғаным,
Жанымда жүрсең ештеңеден қорықпадым
Өзің - тау, анам - бұлақ боп тұрғанда,
Мен өсетін жағадағы - құрағың.

  Айдана апама
Туылғанда қуанған,
Ел жұртын жинап, әжешім
Бұл менің апам Айдана
Өзі сондай жуас болса да
Жүрегі кең боп жаралған
Осындай апам болғанға
Мақтанамын бәріне.

  Анама
Мейлі жас, мейлі кәрі бол,
Дана деп сені, мама деп сені ұғамын.  
Тәрбиелеп мені тәртіпке салған
Сол үшін саған рақметімді айтамын.

  Айналайын анашым
  Әлемдегі жан асыл
  Болса маған не керек
  Бәрін іздеп табасың
  Айналайын анашым
  Асқар таудай панасың
  Күн көзімдей күлімдеп
  Құшағыңа аласың.



  Жезқазған қаласы, мамыр,2008 жыл.

 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008