Авторизация    
Logo Site
 
   
Меню
  Басты бет Керi Байланыс Алгыс соз  
I-болім
  Перзентiк парыз Таганов Ашыгалы Кулжанулы туралы ассе Абзал азамат Естелiк пен есте калгандар Аке-ардакты аскар тауын еске алу Ашыгалы агамыз парасатты жан едi Акемдi корген жан Окiл аке-шеше туралы узiк сыр Акылды кария - агынды дария Ак желкен Таганов Ашыгалы Кулжанулынын жеке шыгармалары Баталар топтамалары Макалдар топтамалары Суреттер сыр шертеди  
 
II-болім
  Арнау.Шежiре сергуi -  
 
 
Авторландыру
 
Колданушы атыныз::
Кілт созініз:
 
 
  Тiркелу
Парольдi есинизге салу?
 
 
 
 
 
Айгілі беттер
 
 
 
Агайын, тума, жекжат, копшілік кауымга!
Ниетінді кабыл алгай, коніл сергек
Омірге оріс берсін, жайнай журек
Сол журек ел достыгы оркендесін,
Аймакта бейбітшілік турмыс тілеп.
Жадырап аспан ашык, нурын шашып,
Булынгыр кездеспесін кунгірт тунек.
Мал басы орлей осіп ,талап тасып,
Балдырган туындасын, тилек –дурей,
Данкы артып Отанына- ардакты бол,
Енбектін зейнеті мен курыш білек.
Кептеліп кедергі жол душпанына,
Тусауын тоскауылдын салсын –курмет.
Алемдік-адал адам бакытынан,
Жыгылмай Ырыс -туын турсын тербеп.
Амин,деп колдауы коп жамагаттын-
Курметті Кабылдыга болсын демек!

 
 
                              
 
Таганов Ашыгалы Кулжанулы кiтабы » Перзентiк парыз

Перзентiк парыз
Перзентiк парыз

Биыл Жылыой ауданының құрылғанына (2008ж) 80 жыл толады Әкем Тағанов Ашығали Құлжанұлы осы ауданды құрысуға ат салысқан бес азаматтың бірі , көптеген басшылық жұмыстарда да болған, әрі қаламгер жан еді. Кіші жүз халқының шежіресін жазып, өлең - жырлар жазған кісі.   1990 жылы тамыз айында 87 жасында дуние салып, бақилық болды. Көп ауырмады, 10 күндей ғана ауырып дүниеден озды. Әкемнің бір сандық кітабы, қолжазбалары болатын. Күзетінде бұл кісі өсиет жазып кеткен болар деп, көпшілік ортағы салып отырды. Содан көптеген жазбаларын үлесіп алып кетіпті.

 Әкемнің мұраларын ұстап қалмағаныма өкінемін. Ол кісіден ер бала қалмады. Халқымда қыздың жолы жіңішке деген сөз бар ғой, мүмкін, сондықтан шығар, ер бала болса, мұраларын сақтап қалар ма еді, қайтер еді.
 Мен Тағанова Раха (Райхан) Ашығалықызы қазір 72 жастамын. Әкемнің үшінші қызымын.

Қазақта «60 жаста арқандаласың, 70 жаста шідерленесің» деген сөз бар. «Шідер» деген сөзге ауыл жастары болмаса, қала жастары түсінбеуі мүмкін. Жылқының үш аяғы байлаулы, бір аяғы ғана бос болады. Қазір менің жасым сол кезден де асып барады, бір аяқпен қайда барам. Бірақ Жылыойдың 80 жасы себеп болып, әкемнің қолға түскен еңбектерін кейінгі ұрпақтарына жинақтап шығартуды перзенттік парызым деп есептедім.
Мынадай өлең шумақтары ойға оралып отыр:

 Жайдарлы жарқыраған жазым өтіп,
 Қоңырқай бұлт қаптаған күзім келді.
 Күзде ғой самал желмен желпіп өтіп,
 Аязды қырау басқан қысым келді.
 Артымнан алдым жақын,
 Мен ептеп төмен қарай түсіп келем.
 Бір күні бұл өмірден мен де кетем.
 Балалық парызым деп қалам алдым.
 Қолға түскен әке жырын жинақтадым.
 Кейінгі ұрпақтарға үлгі етем,
 Ұрпақтар, әке жырын естеріңе ал
 Бастадым әке туралы естелікті,
 Көп болар естеліктің қателері
 Қате болса, оқы да кешіре сал.
   
Әкем Ашығалы тегінен хабар беріп кеткім келіп отыр.
Тағаннан 2 бала: Келімбет, Құлымбет (Құлжан аталып кеткен). Келімбеттен Жылқыбай, әжеміз Балашты (Балкенже болуы керек) бала кезімде көрдім. Жылқыбай көкем өлең айтып жүретін сайқы мазақ кісі - тін. Ал әжеміз өте момын бәйбіше болған. Жылқыбайда бір ұл - Майлаш (Майлыбай) деген ағамыз болды. Жеңгеміз Салима 32 жасында дүниеден озып, артында жеті бала қалды. Ағамыз сол балаларды тәрбиелеп, ана орнына- ана, әке орнына-әке болып, еңбек етіп, Қосшағыл халқына қадірлі-азамат атанып, 2003 жылы дүние салды. Балалары Қосшағыл кеңшарында тұрады.

Тағанның екінші баласы Құлжаннан 3 бала: Бекжан, Ашығалы, Сырымбай туған. Құлжан атамыз балық шаруашылығында еңбек еткен. Құлжанның зайыбы Шолман әжеміз тұлғасы ірі, аруақты әже болған. 
Атамыз баласы Ашығалынын зеректігін сезіп, Кеңес үкіметінен бұрын орысша білім алуға, оқуға беріп, 2 жылдан кейін ауыл ақсақалдары атамызды баласын орысша оқуға берді деп, үлкендер алқасына салып, үшінші жылында оқуға жібергізбей тастаған. Бірақ қалған жерде әкеміз өзінің дарындылығымен білімін жетілдіре берген.

Әкем Жылыойдағы Ащыкөл, Тұщыкөл, Алтыкөл т.б. көлдер жайлауында, алаша руы қоныстанған жерде балалық шағын өткізген. Осы жерде Қосжан, Бисенбай ахун аталарымыз мешіт салдырған. Сол мешіттен оқып, сауат ашып, таза арабша оқу-жазуды меңгерген.
 Ол кезде үлкендер (қарттар) балаларын үлкен жиындарға үлгі алсын, үлкендердің ұлағатты сөзін естісін деп ертіп жүрген. Соның бірі Құлжан атам екен. 
Әкем 1929 жылы Қауқайқызы Жаңылмен бас қосқан, отау тіккен. 
Атырау жақта Жылыой деген балық өндіретін қалашық болған, соны қоныстанған. Жылыойға теңіз тиіп тұрған, онда кемелер тоқтаған. Сонда Құлжан атам балық шаруашылығында қызмет істеген. Ол жердің үйлерін томар ағаштан қиюлап салады екен. Ағаштан әдемілеп салған үйлерде тұрған. Халқының көбі татар ұлты болатын дейтін шешем.

Жылыойдағы бірінші аудан орталығы болған Қосшағылда томар ағашынан салынған бір үй болды. Қасында екі мектеп бар болатын. Ол орыс, қазақ мектебі еді. Мен сол мектептен білім алып жүрген кезімде сол үйді көрдім.

 1951 жылы аудан орталығы Құлсарыға көшірілді. Оған дейін ол үйде райком, партия, комсомол комитеттері орналасты. 
Кейіннен ол үй кітапхана және кітап дүкендері болды. Сол кітап дүкенінде көп жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке қалдым. Қазір ол мекемелер жабылып 
қалды да, ол үй күресінде қалды. Сөйтіп, Жылыойдан келген ескерткіштің күлі көкке ұшты.

  1932 жылы әкем Жылыойдан Қосшағылға қоныс аударған. Қазіргі 1-ауыл атанған 
үйлердің батыс жағында екі ғана барақ үй болған. Жылыойдан қоныс аударған бірнеше жанұя бір үйдің адамындай болып бірге тұрдық дейтін шешем.

  1935 жылы мұнай кен орындары табылып, Қосшағылда саман тастан үйлер салына бастап, қоныс аударғандар өз алдына жеке үйлерге шыға бастаған. Соның ішінде 3 ағайынды адамдар айырылмай ,әкемнің екі ағасы, өзінің жанұясы бірге тұрған.
  Шешемнің айтуы бойынша, ол кезде машинаның көзі аз, жылқыны көлік еткен. Кейіннен әлгі 2 барақ жылқы қамайтын "конюшин" атаныпты. Қазір орны жоқ, бірақ біз бала кезімізде аттың тағалары жатқанын көзіміз көрді.
Әкемнің Бекжан ағасы ағаштан түйін түйген, әрі аңшы болған. Жылқыны жақсы баптай білетін адам екен, содан болуы керек, осында еңбек етіпті.

  Әкем Ашығалы Қосшағылға келген соң әр түрлі қызметтерде болып, басшылық жұмысты атқарған. Одан әрі білімін жетілдіріп, Москваға оқуға түсіп, 1951 жылы жоспарлаушы- экономист мамандығын алып, Қосшағылдағы Автотранспорт ұжымына орналасып, 1963 жылға дейін еңбек етті, содан зейнеткерлікке қалды.

  Анам Жаңыл өмірге сегіз бала әкелген. Жеті қыз, кенжесі ұл. Төрт қызы өмірден ерте өткен. Тірлікте үш қыз (Роза, Раха, Пазила), інім Сағызбай және үлкен ағасының баласы Майлаш бес бала болдық. Бертін келе үш ағайын Қосшағылдың басынан саман тастан пәтер салып, үш үй іргелес отырдық. Бірінің баласын бірі тәрбиелеп, татулықпен өмір кештік. Бекжанның тәрбиесінде апам Роза, сіңілім Пазила болды.Анам тәрбиесінде үлкен ағасының баласы Майлаш, мен және інім Сағызбай болды. Өте тату едік, Бекжан көкеміздің зайыбы Шандоз шешеміз өте тәрбиелі, кербез бәйбіше еді. "Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп" дегендей көпшілікке үлгі болатын жанұяларда тәрбиелендік.

  Әкем 1941 жылы Отан Соғысына аттанды, елге 1945 жылы оралды.
Атамыз Құлжан әкем майданға аттанарда "осы пәлені көрмейін деп едім, көріп қалдым- ау" деп, намазға жығылып, жайнамаз үстінде уақыт болыпты.

Әжеміз Шолпан 1945 жылы дүниеден озды.
  Қазір Ашығалыдан үш қыз қалдық. Бәрі де ұл- қыз тәрбиелеп отырған бір- бір жанұя. Менің отағасым Серікқали Тұрсынбайұлы- зейнеткер. Екі ұл, екі қызымыз бар.Немере- шөберелі,жиенді болып отырмыз.
  Әкем, бір жағынан қаламгер болған кісі. Ол кісі Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдер жазған. Тіпті өлеңмен ауылға сәлем хатта жолдаған. Зейнеткерлікке қалғаннан кейін де сол ісін жалғастырды. Сабырлы, орта бойлы, қызыл шырайлы дөңгеленген бөркі үйлесіп тұратын. Әкемді мақтаныш тұтатынмын. Жиында, отырыстарда көп әңгіме айтқанымен, үйде көп сөйлемейтін. Екі бөлмелі пәтерде газет- журналдар оқып, текшелеп отыратын.

  Үйдің барлық тірліктерінде анам мен Майлаш ағай жүруші еді. Қонақ күту, мал бағу барлық шаруашылық солардың үлесінде болатын.
  Әкем үйінде "Правда", "Известя", "Труд", "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Ембі", газеттері, "Жалын", "Жұлдыз", "Мәдениет және тұрмыс", "Білім және еңбек" журналдары текшелеулі жиналып тұратын. Әкем сол газет- журналдардың ешбір нөмірін қалдырмай оқып, тігіп қоятын.

  Жалғыз ұлы да өте зерек, ақылды бала болды. Қосшағылдағы Лермонтов атындағы мектебін бітіргеннен кейін, мұнайшы болып еңбек етті. Автомойка жөнінен өнертапқыш болып, талай жаңалықтар енгізіп, бірнеше алғыстармен марапатталды. Алматының энергетика институтына сырттай түсіп, оқыды. "Юнный техник" журналының белді мүшесі болды. Бірақ көп армандары орындалмай, жазылмас дертке шалдығып, үйлене де алмай дүниеден өтті. Әкем сол ақырғы дәмі таусылғанға дейін жзумен шұғылданды. Осы жинақтағы "Құлсарыдағы наурыз" атты өлеңі- ең соңғы өлеңі болды. Содан төрт айдан кейін дүние салды.

  Әкенің көп әнгімелері есте қалмады. Абай атамыздың айтқанындай, бұл естелікті 50-60 жаста жазбай, қолымды мезгілінен кеш сермеп отырмын.
Осы естелікті қабыл алған ұрпақтарға рақыметімді айтып, осы уақытта жүрегімнен шыққан бір шумақ өлеңмен аяқтаймын:

  Әкенің орындалмады ізгі арманы,
  Артыңда мұра ұстар ұл қалмады.
  Әкені әлпештеген еске алып,
  Қызыңның аяқталды жыр- дастаны.

   
  Қызы - Раха (Райхан)
  15 тамыз 2008 жыл.

 
 

 
   

Саиттагы маліметтерді жариялаган кезде сілтеме жасалуы тиіс
Авторлык кукык ©ashygaly.kz 2008